Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 18:00 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Әбужақынова әлем біріншілігінің 1/8 финалдық кезеңінде Бельгия өкілі Лои Петимен кездесті.

Отандасымыз белдесуді мерзімінен бұрын аяқтап, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: