Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 18:38 Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/16 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жапониялық Хирото Шинозукамен кездескен болатын. Тартысты бәсеке 4:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

1/16 финалда Герасименко Тунис спортшысы Вассим Эссид пен бразилиялық Уго Кальдерано арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: