Психолог қазақтығымызды сақтау үшін еркектердің мәртебесін көтеруді ұсынды
Оңтүстіктің психолог-маманы Айжан Әдебиетқызы ұлттық тәрибедегі ер-азаматтардың рөлі төмендеп кетті, сондықтан бұл жағына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz Замана басылымына сілтеме жасап.
Психологтың ұлт тәрбие талқысына жуырда ғана әлеуметтік желіде пайда болған қазақ жігітіне жар болған негр қыздың видеосы негіз болған.
"Бұл жағдайда кімге өкпелейміз? Мұның бәрі өз отбасында осындай дүниелерге тыйым сала алмаған ер-азаматтардың кінәсінен. Баяғыда аналарымыз бен әжелеріміз еркектің айбатынан ығатын еді. Бұл күнде әйелдер күйеулерін менсінбей жатады.
Себебі кейбір ер-азаматтарымызда нағыз ер мінез жоқ. Отбасы тәрбиесіне мән бермейді, әйелі жалаңбас, шортымен, екіқабат келіні джинсымен қарны шермиіп, кіндігі көрініп жүреді. Қарауға ұяласың. Сөйтіп жүріп қайнағасы мен атасына сәлем салып қояды. Сондайда "тәйт" демеген ер-азаматты кім сыйлайды? Енді келіп шырылдаймыз.
...Өзіміз аталарымыздың, әкелеріміздің қабағынан жасқанатын едік. Әкеміз ұрсады деп бетімізге бояу жақпайтынбыз, әкеміз ұрсады деп қысқа, шолақ жең көйлек кимейтінбіз. Қазір де өз басым күйеуім ренжиді деп орамалды тастамаймын. Балаларды да "әкең ұрсады", "әкең ренжиді" деген сөздермен өсірдім. Құдайға шүкір, ешкімнен кем жерім жоқ. Отбасымда осы тәрбие қатал сақталған. Осылай қалыптасуымызға жолдасымның қатал мінезі сеп болды. Міне, ер-азамат қатал болған жерде тәртіп пен тәрбие болады.
Әкенің айбаты мықты тәрбиенің көзі дер едім. Қанды бұзбау керек. Елімізде әркім ұлт намысын қорғаса, ұлт мәдениетін жоғары деңгейге көтерсе, қазіргі жағдайға тап болмас едік. Осы мақсатта бізде жастарымызды тәрбиелеу үшін арнайы ұйымдар, топтар құрылып, жұмыс істесе екен деймін. Өзіміз де қол қусырып қарап отырмай, қазақтығымызды сақтау мақсатында қоғам болып күресуіміз керек деп ойлаймын. Әр отбасы ұл-қыздарына дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие бере алса ғана қазақ қазақ болып қала алады.
Осындай жағдайлар орын алмас үшін қазаққа тек әке тәрбиесі ғана емес, Ұлттық тәрбие мектебі де керек сияқты. Бұған мемлекет тарапынан да қадағалау мен бақылау күшейсе, тез арада етек-жеңімізді жиып алуға болар еді", - дейді психолог.