Атамбаевтың бұрынғы күзетшісі куәлік беруден бас тартты
advokatokt.ru
- Енді бір нәрсені қайталаудың не қажеті бар - адвокат.
Қырғыз Республикасы ҰҚК-нің Тоғызыншы қызметінің бұрынғы қызметкері Қанат Сағымбаев куәлік беруден бас тартты. Оның адвокаты Бақытбек Автандилұлы 24.kg сайтына мұның себебін түсіндіріп берді.
Оның айтуынша, ол куәгер ретінде тергеушілердің осы негіздегі сұрақтарының бәріне алдында жауап берген.
- Енді бір нәрсені қайталаудың не қажеті бар? Қанат Сағымбаев куәгер ретінде куәлік етті. Болды емес пе? Сондықтан ол жауаптан бас тартты, - дейді адвокат.
Алдында Қанат Сағымбаев Алға Кылычевпен бетпе-бет жүздесуден бас тартқаны туралы хабарланған болатын.
Қанат Сағымбаевқа Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің "Жаппай тәртіпсіздіктер", "Қызметтік ықпалын асыра пайдалану", "Бір топ адаммен кісі өлтіру" және "Тергеушінің немесе басқа лауазымды тұлғаның әрекеттеріне кедергі жасау" баптары бойынша айып тағылуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript