Жаңалықтар тізбегі
0

Елдің карточкасын аңдумен жасырын миллионерлер табылмайды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2019 19:23 ҚазАқпарат
Перуашевтың айтуынша, төлем карталарын бақылау – жұмыс істейтін және мемлекеттен ештеңе сұрамайтын қарапайым халықты бақылау деген сөз.

Елде жалпыға бірдей кірістер туралы декларация жұмыс істеп тұрса ғана халықтың карточкаларын бақылау орынды болар еді. Бірақ мемлекеттік органдар декларациялауды 2025 жылға дейін кейінге қалдырды ғой, деп мәлімдеді депутат Азат Перуашев өзінің сауалында, деп хабарлайды Zakon.kz.

- "Ақ жол" партиясына қаржы вице-министрі Шолпанқұловтың азаматтардың банктік карталарымен жүргізілетін операцияларға фискалды бақылау енгізу жоспары туралы жақында жасаған баяндамасына қатысты көптеген өтініштер түсуде. Бұл мәлімдеме қоғамды елеңдетіп, көптеген сын туғызды. Құрметті салық органдары, төлем карточкаларын бақылаудан жасырын миллионерлерді таба алмайсыздар. Ол адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамайды, өз нанын өзі тауып жүргендер. Миллионерлерді миллиондаған пара алып, миллиардтаған ақшасын оффшорға аударатындар арасынан іздеген дұрыс, - деді Перуашев премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, вице-министрдің сөзінен мұндай шешімнің екі негізгі мақсаты байқалады: біріншіден, жасырын кәсіпкерлік кірісті анықтау, екіншіден, бюджетке салық түсімдерін ұлғайту.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Үкіметке шағын бизнесті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жылға табыс салығынан босатуды тапсырғанын, сонымен қатар, дәл осы мерзімге шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізгенін еске салды.

- Бюджетке түзетулер енгізу арқылы шағын және орта бизнестің табыс салығы жергілікті бюджеттерге берілген, сондықтан бұл мәселе бойынша шешімді әрбір нақты аймақта жергілікті жағдайды ескере отырып қабылдаған дұрыс. Осылайша, шағын бизнестің ақша айналымын бақылаудың бар мәні жоғалады. Шағын бизнес банк карталарымен жүргізілетін операциялардың негізгі қатысушысы. Қарапайым халықтың жеке карталарымен миллиондаған транзакция мен төлемдер жасауы екіталай, басым көпшілігінде ондай ақша да жоқ, - деді депутат.

Ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың бірі – KPMG деректері елде байлар мен кедейлердің табыстары тым алшақ екенін растайды.

– Оның зерттеулері көрсеткендей, қазақстандықтардың тек 0,4% -ы ғана жылына 100 мың доллардан астам табыс табады. Халықтың 97 пайызының жылдық табысы 10 мың доллардан төмен, ал 0,001% немесе 162 адам Қазақстандағы барша табыстың жартысына иелік етіп отыр. Карточка ұстайтындардың көбі кредитке өмір сүретіндер. Тұтынушылар тұрмақ, кәсіпкерлердің көпшілігі де банктерге қарыз, - деп түсіндірді мәжілісмен.

Елде жалпыға бірдей кірістер туралы декларация жұмыс істеп тұрса ғана халықтың карточкаларын бақылау орынды болар еді.

- Бірақ мемлекеттік органдар декларациялауды 2025 жылға дейін кейінге қалдырды. Ендеше бұл бастама мүлдем қисынсыз әрі түсініксіз. Ал бюджетті ойласаңыз – жақында депутаттар бюджет кірістерін ұлғайту және мемлекеттік органдардың тиімсіз шығындарын азайту туралы бір вагонға толатындай ұсыныстар жасап тастаған, - деп еске салды Перуашев.

Мысал ретінде ол "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша жыл сайын тиімсіз жұмсалатын 4 миллиард теңгені келтірді.

- Егер салық органдары салық жинау көлемін ұлғайту туралы айтса, онда салық төлеушілер өз салықтарының тиімді жұмсалуы мәселесін көтереді. "Ақ жол" фракциясы шенеуніктердің бюджет есебінен шалқып жүруге құштар екенін бірнеше рет мәлімдеді. Тым қымбат, түк пайдасыз шараларды азайтыңыздар, қарапайым кеңсе мен қарапайым көліктерге мінсін – сонда ақша жететін болады, ал халық салықтардың дұрыс жұмсалып жатқанына сенетін болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, фракция вице-министр Шолпанқұловтың мәлімдемесін растауды немесе жоққа шығаруды сұрайды, – деді депутат.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: