Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстанда әкесі зорлаған қыз суға секіріп өлмек болды

akipress.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2019 18:13 akipress.org
Әкесінің туыстары арызыңды қайтып ал деп, қыздан теріс айналып жатыр.

Худжандта жергілікті тұрғын туған қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Гулрухсор" әйелдер орталығына сілтеме жасаған ca-news.org.

Гулнора (есімі өзгертіліп берілген) 17 қыркүйекте Сырдария өзенінің көпірінен секіріп, өзіне өзі қол салмақ болған, бірақ бойжеткенді кездейсоқ куәгер құтқарып қалып, оны полиция бөліміне алып келеді. 19 жастағы қыздың айтып берген әңгімесінен кейін тергеу қозғалып, сот-медициналық сараптама зорлау дерегін растады.

Қыздың әкесі қазір тергеу изоляторында қамауда отыр. Алайда оның бауырлары қыз өз әкесіне жала жапты дейді.

Гулнораның сөзінше, бұл оқиға қыркүйек айының ортасында болған.

- Әкем мені түнгі 11-де шақырды. Мен бармай қойдым. Әкеңе бар, шақырып жатыр деп әжем де қоймады. Сосын әкем маған тиісе бастады. Олай істемеңіз, мен сіздің қызыңызбын ғой дегенімде ол менің басымды қабырғаға төрт рет соқты. Мен талықсып кеткенде, ол мені зорлады, - дейді бойжеткен.

Әкесі өз қызын милицияға хабарласаң, өзінді түрмеге қаматамын деп қорқытқан екен.

- Бұл туралы анама, туыстарыма айтып едім, маған ешкім сенбеді, - дейді Гулнора.

Ол аздай, әкесінің туыстары арызыңды қайтып ал деп, қыздан теріс айналып жатыр.

- Сені тіпті зорлаған болса да, ол сенің әкең, ол түрмеде отырмауы тиіс, - депті әжесі, ағалары мен тәтелері.

"Гулрухсор" орталығының психологтерімен сөйлескенде Гулнора 9-шы сыныпта оқып жүргенінде әкесінің тиісе бастағанын айтты.

- Ол мені сипалайтын, әр жерімнен сүйетін… Менің әпкем күйеуге тиерде "бұл үйден қыз болып кеткенім үшін Құдайға мың алғыс!" дегені бар, - дейді Гулнора. Бірақ әкесі кейін күйеуге тиіп кеткен қызын да зорлаған болып шықты. Мұны Гулнораның әпкесі тергеушілерге айтып берді.

"Гулрухсор" әйелдер орталығының қызметкері Сабохат Бободжонованың айтуынша, Тәжікстанда қоғам әдетте зорлық құрбандарын табалап, көзге шұқиды. Сол себепті зорлық көрген әйелдердің көпшілігі басынан өткенін жасырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: