Жаңалықтар тізбегі
0

Қазіргі балалар неге қатігез болып барады

zheka_fatbelly, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 23:30 zheka_fatbelly
Бұл мәселенің ушыққаны сонша, еліміздің бас ұстазының өзі алаңдаушылық білдірген болатын.

Буллинг туралы естігеніңіз бар ма? Аты әдемі болғанымен, заты мүлдем басқа. Мамандардың балалар арасындағы әлімжеттікті, олардың бір-біріне көрсетіп жүрген қорлығын, төбелес пен мазақты жұмсартып, осындай атау берген. Елімізде әр бесінші оқушы дәл осы буллингтің құрбаны болады екен. Жастар арасындағы депрессия мен суицидтің белең алуына да бірден-бір себепші осы көрінеді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жылда айтылатын әңгіме. Балалар неге қатыгез болып барады? Ұрып-соғу, пышақтасу, төбелес, айқай-шу, ерегес, әлімжеттік осының бәрі бұл күнде жасөспірімдер арасында қалыпты дүниеге айналып кеткен. Мамандар осы жағымсыз дүниелердің бәрін топтап, "буллинг" деген терминге сыйғызған. Мұның аясына кемсіту, мазақтау, келеке ету де кіреді. Ал, бұл мәселенің ушыққаны сонша, еліміздің бас ұстазының өзі алаңдаушылық білдірген болатын.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

"Буллинг пен суицидтің алдын-алу үшін біріңғай бағдарламасын енгізетін боламыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бүгінгі күні ол - үлкен проблема. Бұл проблема шын мәнінде біздің мектептерде бар. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін біз тиісті шараларды осы жобада қарастырып отырмыз".


Министр сөз еткен жобада осындай озбырлықтардың алдын алып, шешуге бағытталған жұмыстар қолға алынбақ. Басты назар - тәрбие сабақтарына берілмек Алайда бұл тек жоспар болғаннан кейін, әзірге жағдайымыз көңіл көншітпей тұр. Қазақстандық әр бесінші оқушы буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады екен.

Буллингтің әсіресе не екенін вайнер Жеңіс Омаров жақсы біледі. Халық арасында көбіне Жека деген ныспымен таныс.

"Рахмет, че ты стоишь пойдем, а где сдача? Это девушка Найман".


Дене бітімі өзгешелеу болғандықтан сыныптастары оны көп мазақтапты, түрлі шымшыма сөздер айтып, тіпті намысына тиген кездері де аз болмапты. Бірақ Жеңіс бұдан салы суға кетпегенін айтады. Бәрін ақылмен, керек болса әзілмен шешіпті. Қазірде буллингтің құрбаны болып жүрген балаларға айтар кеңесі де осы.

Жеңіс Омаров, вайнер:

"Мені бала кезде толстый деп те атайтын. Жирный, и все я это слышал. Это все было в шутку. Бірақ мен әзілдегенде мен жауап беретінмін. Екі есе ақылдырақ болып, миымды қосып. Оның бәрін әзілге айналдыру керек. Бір ауыр сөзді айтқан кезде, сол адамның деңгейіне түсіп, жынданып, бүйтіп-сүйтіп ол адам саған тиіскен кезде, ол соны қалайды".


Алайда әлімжеттік жасап, сондай жолмен өзін мықты етіп көрсеткісі келгендердің сөзін жүрекке жақын қабылдап, депрессияға ұшырап, тіпті өз-өзіне қол салғандары да аз емес. Балалар суицидінен әлем бойынша алғашқы үштіктеміз. Ал психологтар зардап шеккендер өз алдына, әуелі бұл мәселенің бастамашысы болғандармен жұмыс істеу керек дейді.

Жаңагүл Тұрманова, психолог:

"Бүгінгі күнде ата-ана өзінше есеп алған дұрыс. Бүгін балам отбасына келген кезде мектепте қандай жағдай болды, сабақ үстінде қандай жағдайлар болды? Демек оның күні бойғы тұрмыс-тіршілігінен хабардар болу керек. Оған эмоционалдық жақындық керек. Бала ата-анасының қамқорлығын сезінеді де, осындай жағымсыз әрекеттерге бара бермейді".


"Қалай болғанда да, буллингтің өзімен күресеміз деп жүргенімізде, оның кибербуллинг деген жаңа бір түрі шыға келді. Жеткіншектер қазір әлеуметтік желі арқылы-ақ түрлі кемсітетіндей хаттар жіберіп, фотолар астында жаман пікір қалдыратын болған . Бұл ретте сарапшылар, балаңыздың көңіл-күйі болмаған жағдайда, онымен тек сөлесіп қана қоймай, телефоның да тексеріп тұруға кеңес береді."

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: