Кәсіпкерлер контрагенттерінің тәуекел дәрежесін тексере алады
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 136-бабына сәйкес қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы салық төлеушілерді санаттарға бөлу енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Осылайша, тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілер үшін есептілік мерзімін ұзарту мен мәжбүрлеп өндіріп алудың шараларынан босату мүмкіндігі ұсынылады.
Тәуекел дәрежесі орташа салық төлеушілерге әкімшілендірудің стандартты шаралары қолданылады.
Тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерінің есептілік мерзімін ұзарту, ҚҚС бойынша есепке электрондық тұру бойынша мүмкіндіктерді қолдануға құқығы жоқ, оңайлатылған тәртіпте қызметін тоқтату немесе есептілікті ұсынуды тоқтата тұра алмайды.
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап санаттарға бөлудің нәтижесі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (Электрондық қызметтер/ Бизнеске көмек / Санаттарға бөлу бойынша салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі) (http://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) қоғамға ашық.
Тәуекел дәрежесін өзінің қызметі және өзінің контрагенттерінің қызметі бойынша БСН/ЖСН бойынша сұрау салу арқылы білуге болады.
Осы қызмет көрсету салықты төлеу бойынша (Электрондық қызметтер/ Салық төлеушілерді іздеу/ Заңды тұлғалар http://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/legal_entity), сенімсіз салық төлеушілердің тізілімі (Электрондық қызметтер / Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу http://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable) мәліметтерімен қатар бизнестің субъектісіне теріс пиғылды контрагенттермен келісім шарттардың тәуекелін азайту үшін қажетті сақтықты білдіруге мүмкіндік береді.
Яғни, әлеуетті серіктес туралы көбірек ақпаратты алғанда "Ескертілді – қаруланды" қағидасы іске қосылады.
Соңымен қатар, өзінің тәуекел дәрежесі бойынша санаттарға бөлудің оған қатысты жұмыс жасаған ашық өлшемшарттар туралы мәліметтер кәсіпкердің "Салық төлеушінің кабинетіне" түседі. Ашық өлшемшарттардың тізілімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен (2019 жылдың 12 қарашадағы өзгерістер және толықтырулармен) бекітілген.
Бұл салық төлеушілерге тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштерін салықтық есепке алуда ескеруге және тәуекел дәрежесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Өлшемшарттарды есептеу бойынша қандай да бір мәндермен келсіпеген жағдайда "Салық төлеушілердің кабинеті" web-қосымшасы арқылы электрондық түсіндіруді жіберу немесе тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарына түсіндіру алуға жүгіну қажет.
Санаттарға бөлуді міндетті көкейтестіндудің кезеңділігі – жырты жылда бір рет.