Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық тестілеу орталығында білім саласындағы жемқорлық бойынша жиын өтті

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2020 03:53 Баспасөз қызметі
Жиында вице-министр Э. Суханбердиеваға, Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшылары Р. Әлімқұлов пен Д. Жақсыбековке, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасы А. Сұлтанғазинге және басқаларға қатысты қылмыстық істерін мысалға келтірді.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовтің, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК еңбек ұжымының қатысуымен кеңес ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясат сыбайлас жемқорлық кез-келген көріністеріне "нөлдік төзімділікті" қалыптастыруға, "атақ-дәрежелерге қарамастан" жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті Бірінші департамент басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков.

Осыған дәлел ретінде вице-министр Э. Суханбердиеваға, Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшылары Р. Әлімқұлов пен Д. Жақсыбековке, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасы А. Сұлтанғазинге және басқаларға қатысты қылмыстық істерді мысалға келтірді.

Сонымен қатар, кеңесте Ұлттық тестілеу орталықпен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды азайтуға бағытталған нақты шараларды қабылдау ұсынылды. Сотқа дейінгі тергеу аясында енгізілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынымдарды қарастыру нәтижелері бойынша Ұлттық тестілеу орталық ашықтық пен бәсекеге қабілетті ортаны қамтамасыз ете отырып, қонақ үй қызметін сатып алу тәртібін өзгертті.

Сонымен бірге, алдын алу мақсатында Ұлттық тестілеу орталықтың еңбек ұжымына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін лауазымды тұлғаларды жазалау туралы бейнеролик көрсетілді.

ЕГЕР СІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ БІЛСЕҢІЗ, 24/7 РЕЖИМІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА ҚОҢЫРАУ ШАЛА АЛАСЫЗ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: