Оқушылар каникулы. Тоқаев ата-аналарға ақылы демалыс ұсынуды тапсырды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 20:33 Ақорда
Жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тиіс.

13 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы балаларымен үйде отыруға мәжбүр болған ата-аналардың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру бойынша жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды.

"Үкімет фискалдық тетіктер арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдауы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жоспарланған бюджет шығындары жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталуы керек", - делінген Ақорданың сайтында.

13 наурызда Қазақстанда оқушылар коронавирус қаупіне байланысты бір апта ерте демалысқа жіберілетіні белгілі болды.

13 наурыздан бастап инфекцияның алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және мәдени жиындар, ойын-сауықтарға тыйым салынды. Елімізде санитарлық және дезинфекциялық режим күшейтіліп, мектеп оқушыларының экскурсиясына тыйым салынды. Оқушылар демалысқа 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жіберіледі, - деді вице-премьер Ералы Тоғанжанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: