Жаңалықтар тізбегі
0

Бизнес салықтан босайды. Үкімет жедел шараға кірісті

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 16:00 inbusiness.kz
Бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар топтамасы әзірленуде – Руслан Дәленов.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде.

1. "БЖК-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлердің теңгелік қаржыландыруға қол жеткізуін арттыру көзделмек.

Біріншіден, несиелендіру 400 млрд. теңгеге 1 трлн. теңгеге дейін артады.

Қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге берілетін болады.

"БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиелендірудің жоғарғы шегі 7 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыру арттыру ұсынылып отыр.

Екіншіден, ақырғы мөлшерлеме біріктіріліп, 6%-ті құрайды.

Үшіншіден, "БЖК-2025" бағдарламасында салалық шектеулер алынып тасталып, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасындағы басым тауарлар тізбесі көбейтіледі.

2. Кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін, "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде орта бизнестің кредит сомасын 1 млрд теңгеге дейін арттыру ұсынылуда. Ол бойынша 50% мөлшерінде кепілдендіру берілетін болады.

Микро және шағын бизнес үшін кепілдік беру арқылы кредит сомасын 85%-ке дейін 360 млн. теңгеге дейін арттыру ұсынылады.

Жалпы кепілдік беру тетігі оңайлатылады.

3. Ағымдағы кезеңде орта бизнесті тексерулердің санын төмендету ұсынылады. Қазіргі уақытта, орта бизнесті тексерулер санын азайту ұсынылуда. Шағын және орта бизнесті тексеруге қазірде мораторий қолданылуда екенін атап өткен жөн.

4. Кейбір ШОБ санаттары үшін салықтық ынталандыру көзделуде. Бұл дегеніміз ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт нысандары.

Бұл санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін бір жыл мерзімге мүлік салығынан босату ұсынылады. Бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату қажет. 3-тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстырған жөн.

5. АӨК субъектілерін несиелендіруді ұлғайтудан басқа салықтық ынталандырулар көзделеді.

Ірі қара төлдейтін малды, асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтердің импортына салынатын ҚҚС салығынан босату болжанған. Сондай-ақ шамамен 7 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ауыл шаруашылыққа арналған жер салығын төлеуден босатылады.

6. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді табыс салығынан босату ұсынылады.

Арнайы салық режімі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері ағымдағы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді қолдауға болады деп санаймыз.

7. Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Жұмыспен қамту жол картасы әзірленуде.

Жалпы қаржыландыру 300 млрд теңге.

Өткізілген скрининг нәтижелері бойынша іріктелген өңірлердегі жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 200 мың жұмыс орындары құрылатын болады.

Мұндай жобаларды іске асыру жолдарды, көпірлерді жөндеу, ТКШ және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қайта салу тәрізді тұрғындардың ең өзекті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: