Алматыда коғамдық көліктердің қозғалысы туралы хабарлайтын канал ашылды
18 наурыздан бастап Telegram мессенджерінде жаңа канал іске қосылады. Ол қоғамдық көліктің қолданыстағы сызбаларының өзгерістері немесе жаңа бағыттардың пайда болғандығы туралы шұғыл хабарлап отырады. Оны қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматы қаласының Көлік холдингі құрды, деп хабарлайды zakon.kz.
Кей ретте жолаушылардың басым бөлігі бұрынғы бағыттардың өзгергенін білмей қалатыны жасырын емес.
Алматы қаласының Мобилділік басқармасының мәліметінше, адамдардың басым көпшілігіне ақпарат тарату үшін «онлайн-алаң» құру туралы шешім қабылданды. Оның көмегімен желіні пайдаланушылар расталған деректерді алады. Яғни уәкілетті органда бекітілген соң бірден көпшілікке тарайды.
Жаңа Telegram-каналдағы ақпараттар қысқа болғанымен, бағыттардағы өзгерістер кез-келген қолданушыға түсінікті. Жаңа желіге қосылу оңай. Ол үшін https://t.me/THA_Info жүгіну қажет.
Жаңалықтарды дер кезінде біліп отыру үшін хабардар ету дыбысын алмаған жөн.