Біртанов коронавирусқа тексерілетін болды

baigenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2020 20:34 baigenews.kz
Тест нәтижесі кейін жарияланады.

Бүгін, 22 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа тексеруден өтеді. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, тест нәтижесі кейін жарияланады. Алдында Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Онымен тығыз байланыста болғандардың барлық дерлігі анықталды. Олардан ПТР зертханалық талдау үшін анализ алынды.

Қазір Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Камалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық басқармасының бастығы болып тағайындалып, жаңа жұмысына кірісуі керек болатын. Бірақ оның ауырып қалуына байланысты қазіргі басшы Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы кейінге шегерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: