Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде бір топ жастардың Президенттен көмек сұраған үндеуі жарияланды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 15:32 иллюстрация үшін алынды
Қазір студенттердің көбін коронавирустың қашан бітетіні емес, емтиханнан қалай өтетіні алаңдатып отыр. Өйткені біраз ауылдағы студенттер интернеттің жоқтығы онлайн сынақтан өтуге басты кедергі бола ма деп қорқады.

Өздерін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріміз деген жастар мемлекеттік емтихан тапсырудан бас тартып жатыр. Онысы интернетпен байланыстың қиындығымен түсіндірді. Студенттер әлеуметтік желіде бірлесіп үндеу де жариялаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ, университет басшылығы айтылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Тіпті үндеудегі студенттердің университетке қатысы жоғын айтып отыр.

Әдетте қыз-қыз қайнап жататын студенттер қалашығында қазір өлі тыныштық. Қалада карантин жарияланғалы мұндағы қозғалыс та сап тыйылған. Студенттер жаппай жан-жаққа, үйлеріне қайтты. Қазір көбін коронавирустың қашан бітетіні емес, емтиханнан қалай өтетіні алаңдатып отыр. Өйткені біраз ауылдағы студенттер интернеттің жоқтығы онлайн сынақтан өтуге басты кедергі бола ма деп қорқады. Әңгіменің әлқиссасы әлеуметтік желідегі үндеуден басталды. Президенттен көмек сұраған студенттер: "Мемлекеттік емтиханды өткізбей, орташа баллмен сессияны жапса екен" деген өтінішін айтқан.

- Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев және Білім және ғылым министрлігі! Сіздерден студенттерге емтиханның болмауын өтініп сұраймыз. Себебі, қашықтықтан оқу көп студенттерге ыңғайсыз және қолайсыз. Еліміздің шалғай аудандарында интернет нашар дамыған. Тіптен атымен жоқ десек те болады. Ноутбукке тоқталатын болсақ ондай қымбат техниканы алу екінің бірінің қалтасын көтере бермейді. Осы себептен біз студенттер емтиханның болуына қарсымыз! Жоғарғы оқу орындарының басшылықтарынан сұранарым, біздің базалық пәндеріміздің бағасына қарай, мемлекеттік емтиханның бағасын солай қойса екен деп сұраймыз.

Көбі осы ойға қосылады. Бірақ, сұхбат беруге қорқады. "Қудалауы мүмкін" деген көкейлеріндегі қауіпін бізге жазбаша жіберді. Ал Қазақ ұлттық университеті басшылығының бұл мәселедегі пікірі мүлде бөлек. Интернеттегі үндеу "бәз біреулердің араңдатуы болуы мүмкін" дейді.

- Әлеуметтік желілердегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ешқандай қатысы жоқ "KazNU" деген қысқартылған атаумен тіркелген аккаунтта алдағы қашықтан өткізу форматы бойынша жоспарланған емтихан сессиясын болдырмауды талап еткен үндеу пайда болды. Осы мәселеге орай, университет Қазақ ұлттық университетінің атауын заңсыз пайдаланған тұлғаларға шара қолдану жөнінде құқық қорғау органдарына өтініш жасады, - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілігі.

Бірақ желіде жанайқайын жеткізіп жатқан жастар өздерін осы оқу ордасының шәкіртіміз дейді. Желдің қайдан тұрғанын университет алда анықтамақ. Әрі, онлайн емтихан тапсыруға мүмкіндігі жоқтар өтініш тастаса, карантиннен кейін сынақтан өтуіне еш кедергі жоқ деп сендіріп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: