Теңіз кенішінің тағы екі жұмысшысынан коронавирус расталды

1prof.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 00:04 1prof.by
Коронавирус инфекциясының тағы екі жағдайы Теңіз кенішінің жұмысшыларыннан анықталды.

Атырауда Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 123 адамға жетті, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі Жедел штабына сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының тағы екі жағдайы Теңіз кенішінің жұмысшыларыннан анықталды.

Дертке шалдыққандар 1977 және 1979 жылғы екі ер адам.

Жұмысшылар бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан. Қазіргі уақытта олармен байланысушылар тізімі жасалып, оқшауланды. Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, Атырау облысында ауруды жұқтырғандардың саны 123 адамға жетті. Ал, 47 адам дерттен сауығып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: