Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың 300 кадры: "Жемқорлар рухын" жықпайтын жылпостар ма?

Shutterstock, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 20:57 Shutterstock
Отыздың үстіндегі буын да әзір әрі-сәрі күйде. Әрі қарай не істеу керектігін білмейміз.

Саясат Нұрбектің "біз жоғалған буынбыз" дегенінен шығады. Ілкіде Тоқаевтың емеурінімен 300 үздік кадр іріктелді ғой. Солардың арасынан бір Саакашвили шыға ма деп ерінбей-жалықпай біразының портфолиосын ақтарғаным бар, дейді желіде журналист Думан Бықай.

- Арасында облыс, қала әкімінің зам-дары, "Самұрық" секілді алпауыт компанияларда істейтін бай балалары, "Нұр отанның", "Жас отанның" қоғамдық жұмысында арзан акциялармен аты шыққан шолақ белсенділер, бар қызметі бастығының "барып кел, шауып келімен" шектелген шабармандар жүр.

Соған қарағанда әуелден кресло торуылдап, мына жүйенің ұңғыл-шұңғылына төселген, алдыңғы буын ағалары қалап кеткен алгоритмді айнытпай қайталайтын кадрлар іріктелген сынды. Мұндай буын елде өзгеріс орнатуға құлықты ма? Олар өз-өзіне ор қазғаннан не ұтады?

Кешіріңіздер, бұл кадрлық резервке келіңкіремейді, командалық резервке көбірек ұқсайды. Әлгі тізімге сұрыпталғанның көпшілігі көз ашқаннан биліктің босағасында жүр. Былайша айтқанда бұл тізімге "адасып" еніп кеткен ешкім жоқ.

Саяси көзқарасы үйлеспесе де, мемлекетшілдігі мен кәсібилігі күмән туғызбайтын азаматтар бұл тізімнен жырақ қалғандай. Олар ма? Олар жоғалған буын, - дейді ол.

Жалпы осы 300 кадр қалай іріктелді?

Олардың халықпен сөйлесу мәдениеті қалай сарапталды? Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі назарға алынды ма? Олардың елге адалдығы Қауіпсіздік қызметі тарапынан сүзгіден өтті ме? Ертең бұлардың арасынан парақорлардың жаңа буыны өсіп шықпасына кім кепілдік береді?

Кадрлық резерв туралы идеяны Тоқаев аспаннан алған жоқ.

Мария Стукалоның "Дамыған елдердің кадрлық резервті жасақтау тәжірибесі" деген еңбегі бар. Сол еңбегінде Франция, Жапония, Австралия, АҚШ секілді елдердің кадрды қалай сұрыптайтынын сөз етеді. Еміс-еміс есімде қалғанын айтайын:

Мәселен, Францияда оппозициялық көзқарастағы адамды санаттан сызбайды. Керісінше тізімнің төбе басында жүреді. Кадр ретінде құнды, әйткенмен мемаппаратқа мүлде барғысы жоқ маманды маймөңкелеп үш рет қызметке шақырады екен. Үш ретінде де бас тартқан болса, қайтіп қолқаламайды.

АҚШ-та кадрлық резерв ФБР, ЦРУ секілді қауіпсіздік қызметінің сүзгісінен сан қайтара өтеді. Сондықтан да олардың арасында Майлыбаев секілді сатқындар жоқ.

Австралияда кадрдың карьералық сатымен өсуін әділ бағалап отыратын комиссия бар екен. Ол жақтағы кадрлық ауыс - түйіс президент те, премьер де емес, әлгі комиссияның пәрменімен жүзеге асады. Мемқызметте істейтін барша кадрдың іс-қағазы әлгі комиссияның алдында жатады.

Ал Жапонияда ертең ел тізгінін ұстайтын кадрлер мемлекеттік менеджмент мектебінен тәжірибеден өтеді.

Соған сай кадрлық резервке кіргісі бар бір топ адамды күн сайын дөңгелек үстелге айналдыра отырғызып, тұс-тұсына камера, микрофон қойғызып, түрлі қитұрқы сауал қойып сол арқылы әлгілердің өй-өресін, саяси-қоғами көзқарасын, сөз саптауын бағалайды екен.

Түнеукүні Саясат Нұрбек біз жоғалған буынбыз деп еді. Солай дейтіндей бар. Қырықтың ар жақ, бер жағындағы Саясаттар ғана емес, отыздың үстіндегі буын да әзір әрі-сәрі күйде. Саясаттың сөзімен айтқанда "әрі қарай не істеу керектігін білмейміз".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: