Жаңалықтар тізбегі
0

Қарбыз биыл неге қымбат?

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 18:20 Pixabay
Қарбыздың құны былтырғымен салыстырғанда 5 есе қымбаттаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің көктемгі карантин кезіндегі қателігі жаз ауа қарапайым қазақстандықтардың қалтасын қағып жатыр. Дәлірек айтсақ, осы уақытта пісіп жатқан көкөніс өнімдерінің бағасы шарықтап шыға келді. Мысалы, қарбыздың құны былтырғымен салыстырғанда 5 есе қымбаттаған. Бір түйір қауынның бағасы бір келі етке теңесті, диқандар мұның бәріне ауыл шаруашығын басқарып отырған шенділерді айыптап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мынау Елордадаға бақша өнімдерін сататын ең ірі базар. Мұнда күніне 5-6 алып жүк көлігі қарбыз бен қауын тиеп кіреді. Дәл осы жерден қаладағы дүкен мен аулалардағы дүңгіршек иелері тауар сатып алады. Қарбыздың көтерме бағасы бүгін мұнда 110 теңге. Бұл тәубеге түскені дейді сатушылар. Екі күн жауын боп тауар өтпей қалған соң, олар амалсыздан бағаны түсіріпті. Осыдан аз бұрын күн қайнап тұрғанда, қарбыздың келісі 130 ға дейін өсіп кеткен еді.

Замира Әлімбекова, сатушы:

"Қарбыздың бағасы қымбат боп тұр биылғы жылы. Бізге бәрімізге ауыр соғып жатыр. Не только покупательге, бізге продавецтерге де қиын. Әр клиент жаловаться етеді. Бізге де қиын ол. Қымбатшылық диқандардан келіп жатыр, 80-90 теңгеден алып келіп жатыр полядана, мына жерден 100 теңгеден сатып жатыр, Камазға 30 теңгеден қосылады".

Сатушының қымбашылық диқаннан деуінде гәп бар. Өзі өсірген өнімді өзі тиеп, Елордаға әкелетін шаруаны да осынан жолықтырдық. Былтырлары 100 гектардың үстінен қарбыз-қауын егетін диқан Құрбан Маханов биыл алқапты бірнеше есе қысқарттым дейді.

Құрбан Маханов, диқан:

"Карантиннің кесірі болды. Капуста кетті. Диқандар екпей қойды. Аз боп қалды, сонымен көтеріліп жатыр. Азғантай екті, оларға повезло, капустадан қорықты, солар егілмей қалды , полялардың бәрі бос қалып кетті".

Қырыққабаттың қырсығы қарбызға тиді, - дейді диқандар. Оның жырын естеріңізге сала кетейік. Ерте көктемде, яғни карантин басталмай тұрып, капуста еккен оңтүстік диқаны оңбай опық жеп қалған еді. Блок-постардың кесірінен өнімін сыртқа шығара алмаған олар көкөністі жинамай , алқаптың басына тастап кете барды. Ауыл шаруашылығы министрілігіндегілер кеш оянып, экспортқа рұқсат бергенімен диқан уақыт ұттырып алды. Қып қызыл шығын, қарбыз егуге шама берген жок, Бұл бір себеп, екіншісі...

Жомарт Маханов, диқан:

"Экспортпен селитра келеді, клеенка келеді Қытайдан товар келмей қалды. Қымбаттап кетті. Диқандар қымбаттатып жіберді, сусыз қалды. Дамба жарылды, су алып кетті. Сол себептердің бәрін базардан іздемей , Үкімет өзі барып қадағаласын".

Өзбекстанда жарылған дамбадан аққан су Түркістанда қарбыз егемін деп қамданып отырған диқанның жерін басып қалған еді. Ол кебемін дегенше де тұқым тастайтын мезгіл өтіп кетті. Базардағы қымбатшылықтың тағы бір ұшы осында екен. Сонымен көтерме бағаның өзі 110-130 десек, қала орталығындағы мынадай дүңгіршектерде тауардың құнына тағы 20-30 теңге қосылатыны анық.

Калдыгүл Махамбетова, қала тұрғыны:

"Сарыағаштағылар айтып жатыр, биыл өзімізде де қымбаттап кетті деп жатыр. Қалта көтермей жатыр. Бірақ аламыз немерелерге".


Нұрболат Оразбаев, сатушы:

"Бәрі Россияға кетіп жатыр дейді. Астатанға әкелгеннен Омскіге , басқа жерге Ресейге сатқан выгодно дейді. Мысалы Шарын базарына бараңыз арбуз бізде 150-160 болса , розница оптом бағасы 135 теңге".

Бұл қарбыздың биылғы қымбаттауының тағы бір себебі екен. Онсыз да аз тауар шет ел асып жатыр. Мұны оңтүстіктің шенділері де растап отыр. Көктемде капустадан аузы күйген министрлік енді қарбызға үрлеп отырғанға ұқсайды. Дәл осы сәтте өзімізге жетпей жатқан өнімге шектеу қойса, бағаның да тұрақталары анық еді. Әттең...

Нұртас Тұрсынбеков, Жетісай аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы:

"Осы бақша өнімдері шет елге экспортталады. Ресейге, Белоруссия мемлекеттеріне экспортталады. Қалғаны Қазақстанға жіберіледі. Солтүстік өңірлерге жіберіледі".

Айналып келгенде қағылып жатқан тұтынушының қалтасы. Былтыр мың теңгеге шамамен 4-5 қарбыз алатынсыз. Биыл біреуінің өзі сондай бағаға шығып түр. Бұл астанадағы жағдай. Енді өзге өңірлердегі әріптестеріміз жіберген ақпаратқа үңілсек.

Ақтөбеде қарбыздың келісі 140-150 теңге, Өскеменде де шамамен сол межеде. Шымкентте бұрын соңды болмаған баға тіркелді- 120 теңге. Алматыда әжептеуір арзандау- мұндағы базарлардан қарбыздың келісін 100 теңгеге сатып аласыз, Қарағандылықтарға биыл баға қымбат деп ренжімесе болады, ел бойынша ең арзан жер шахтерлар өлкесі- келісі 80-90 теңге.

Қазір Түркістан облысының алқаптарындағы өнім қазан болған. Базардағы мына қарбыз негізінен Шығыс Қазақстан жақтан келіп жатыр. Алайда бұл өлкеден жететін тауар жалпы тұтынатын өнімнің 10 пайызына да жетпейтінен ескерсек, оның көлемі баға тұрақталуына әсер ете қоюы екіталай. Қарбыз бен қауынның құнына қарап шошыған жұрт енді күзде жиналатын картоп, сәбіз бен қырыққабаттың қандай боларын аңғара берсе болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: