Кімдерге қарбыз жеуге болмайды - дәрігер кеңесі
Сурет: pixabay
Ресейлік дәрігер Вера Сережина қарбыздың артық салмақ пен қант диабетімен ауырып жүргендерге қарсы көрсеткіші бар екендігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz,
"Сонымен қатар, жедел панкреатит, ұйқы безінің аурулары, метеоризм және диарея сияқты асқазан-ішек жолдары проблемалары бар адамдарға қарбыз мен қауын ұсынылмайды", – деді дәрігер РИАМО-ға берген сұхбатында.
Сережина қарбыз мен қауынның диуретикалық әсері бар екенін айтты, сондықтан оларды зәр шығару жүйесінің мүшелерімен проблемалар туындаған кезде қолдану дұрыс еместігін ескертті – мысалы, бүйрек аурулары мен тас болса, энурез, зәр шығаруды ұстамау, простата аденомасы, сондай-ақ аритмия аурулары кезінде.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript