12 адам коронавирус: "Барыстың" алдағы алты ойыны кейінге шегерілді
"Барыс" ХК
Команданың келесі кездесу 18 қыркүйете өтуі керек еді.
ҚХЛ "Барыс" командасында коронавирус шықты деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Барыстың" 18 қыркүйек күні ригалық "Динамо", 20 қыркүйек күні "Северсталь", 22 қыркүйек күні "Металлург", 21 қыркүйек күні "Куньлунь", 29 қыркүйек күні "Витязь" және 1 қазан күні "Сочи" командаларына қарсы ҚХЛ-де өтетін ойындары кейінге шегерілді.Команда сапында 12 адамнан коронавирустың шығуына байланысты ұжым екі апталық карантинге жабылады.
Кейінге шегерілген ойындар енді қашан өтетіні туралы Құрлықтық хоккей лигасы басшылары алдағы уақытта қосымша ақпарат береді", - делінген лига таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ҚХЛ да өнер көрсететін "Йокерит" командасының бес ойыны кейінге шегерілген болатын.
"Барыс" командасы болса бұл мәселеге қатысты әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript