Жаңалықтар тізбегі
0

3 пайызға жаңа пәтер алыңыз деген жарнама өтірік

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 16:55 видеодан кадр
Ләззат Мұралбаева алаяқтарға 10 млн теңгесін құйған.

Су жаңа пәтерді 3-ақ пайыздық өсіммен алыңыз! Желіде желдей ескен осы сарындағы әдемі жарнамаға алданғандар көбеюде Әдемі сөзге сенеміз деп, мыңдаған халық миллиондарынан айырылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алданғандардың алды Ләззат Мұралбаева. Алаяқтарға бақандай 10 млн теңгесін құйған.

Ләззат Мұралбаева, зейнеткер:

Қандай тамаша роликтер бар. роликтердің ішінде айтқаны зарплатаға спарвка керек емес, өте көп жеңілдік. 18-75 жас аралығындағы адамдарға сұраған ақшасын береміз деп. 0209- Ол кісілер айтты, 30 күн күтесіз сосын квартира алып береміз деп. Сонымен мен 10 млн теңге салдым.

Зиваш апа да тиімді ұсыныстан қапы қалмайын деді. Қала маңынан жер учаскесін алғысы келген. Енді ақша да, басқа да жоқ.

Зиваш Ақмырзаева, зейнеткер:

Айтты мына жер егер сізге ұнаса, алатын болсаңыз, сіз 50 процентпен неге алмайсыз? Біздің сондай бағдарлама. Сіз артынан 3,5 процентпен просто төлеп отырасыз. Ал мына үстіндегі ақшаңызға стройка жүргізе бересіз. И конечно менде интерес болды уже.

Алданғанын жуырда ғана білген. Ал оған дейін , осындай несие бар деп, туған-туыс, дос-жаранның бәріне жарнамалап келген екен.

Зиваш Ақмырзаева, зейнеткер:

Мен еще қанша адамға еще айттым. Мындай нәрсе бар екен. Сендер кредит алмай жүрсіңдер. Осы программамен алуларына болады. Сол Сапиева Гүлбану мен қазақ үшін осы программаларды мировой уровеньге шығарып жатырмын. Еще сөйтіп қанша адамға агитация жасадым.

Халықтың адал ақшасын арам жолмен жымқырып келген қордың дардай аты бар. "Отбасы мен жастарды қолдау" деп аталады. Осыған дейін, мыңдаған аңқау жанды құрығына түсіріпті. Алайда арызын ары кетсе 20-сы ғана жазған тек.

Мадина Жатқанбаева, журналист:

Бір адамның астында 200-300 адам болуы мүмкін. Оның саны шексіз. Ал үй алам, пәтер алам деген салымшылардың саны 600-ге жуық шығар деп ойлаймын. Оның арызданғаны қазіргі уақытта 20 шақты адам ғана, сомасы 200 млн теңге.

Қазір аталған қордың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу барысында заңсыз ұйымның лицензиясы да болмағаны анықталған.

Ермек Шілден, ІІМ Тергеу департаменті басқарма бастығының орынбасары:

Азаматтардың арыз-шағымы негізінде қазіргі уақытта отабсы және жастарды қорғау қоры деп аталатын заңды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 14 адам жәбірленуші деп танылған. Сотқа дейінгі терге амалдары жүргізілуде.

Ал миллиондарынан қағылған халықтың бар тілегені- жауапты азаматтар тиісті жазасын алып, ақшамыз толығымен қайтарылса екен дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: