Оператор РОП құрып кетсін. Депутаттар утилизациялық алымды жоюды талап етті
Утилизациялық алым – бюджеттен тыс қорға төленетін қосымша салық, оның шығындары қоғам бақылауынан тыс жүргізіледі, ал ставкалары тым жоғары. Осыған байланысты бірқатар бизнес-қауымдастық, ҚР Парламентінің депутаттары ҚР Экологиялық кодексін өзгертуге қатысты бастама көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.
2020 жылы утилизациялық алым енгізілген соң ауыл шаруашылығы техникасы 28%-ға қымбаттаған, автокөлікке алымдар 5,5 млн теңгеге дейін жетеді, сондай-ақ құнынан 5%-ға – кабельге алым енгізу күтілуде. Мұның бәрі түпкі тұтынушыға тауар құнының өсуіне әкеп соғады.
"Жаңа экологиялық кодекске утилизациялық алым – экологияны жақсартып, машина-трактор және автомобиль паркін жаңартуды көздемей енгізіліп жатыр, керісінше паркін ескіруіне жағдай жасап, монополизацияға негіз болып, бағалардың күрт өсуіне әкеп соғады. Утилизациялық алым бақылаусыз, қоғам мен билік органдарына есеп бермей жүргізіледі", – деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ел тірегі" Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының төрағасы Нұржан Әлтаев.
Бұл ретте әлемдік практика автомобильдер мен техниканы утилизациялауда қазақстандық тарифтер шетелдегі орташа ставкалардан көп есе жоғары екенін көрсетті.
"Германияда жеңіл автомобиль көліктеріне утилизациялық алым шамамен 100 еуроны құрайды (өндіруші бұл соманы әр автомобиль құнына енгізеді), Нидерландыда – 45 еуроны құрайды", – деп атап өтті "Eco Network" ұйымының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.
"Атамекен" ҰКП ШОБ комитетінің мүшесі Берік Зайыров берген мәліметі бойынша 2000 см³ көлеміндегі жеңіл автомобильдерге утилизациялық алым 1,4 млн теңгені құрайды. Дамыған елдерде утилизациялық алым құны 100 000 теңгеден аспайды:
"Қазақстан және басқа елдердегі автомобильдер бағаларына жүргізілген кең ауқымды салыстырмалы талдау еркін экономиканың көптеген елдері және бізде автомобильдерге бағаларында 50-ден 100% -ке дейін айырмашылық барын көрсетті", – деді Берік Зайыров.
Бұл ретте Қазақстанда ескі авто көлікті өткізу сертификаты небәрі 150-300 мың теңгені құрайды, ал автокөліктердің қымбат бағасын ескерсек, мұндай жайт көлік иелерін ескі көлікті утилизацияға өткізуге ынталандырмайды.
"Орта есеппен сертификат мөлшері жаңа көліктің құнынан небәрі 2-3%-ды құрайды. Бұл бағдарламаның сәйкессіздігі, жұмысқа жарамсыздығы және экологияға керағарлығы айдан анық, мұны автопарктің ескіруі бойынша көрсеткіштер де, оның өсуінің құлдырауы да растайды", – деп мәлімдеді Е.Мұхамеджанов.
Ауыл шаруашылығы техникасына енгізілмек утилизациялық алым қазақстандықтардың азық-түлік себеті құнына да кері әсер етеді.
"Агро шаруашылықтар шығындарының бір бөлігі ауыл шаруашылығы техникасына байланысты. Отандық зауыттар бағаларды 2,5 есе арттырды: "Беларус" тракторы 5 жыл бұрын 3,1 млн теңге тұрды, ал 2019 жылы – 7,5 млн теңге болды (2,4 есе өсу), 2020 жылы – 8 млн теңге болды. Отандық "Есіл" ("Агромашхолдинг" өндірісі) бұрын 20 млн теңге тұратын, ал 2020 жылы – 68 млн теңге болды. Мұның бәрін теңге мен рубль курсының өсуіне жабуға болмайды – бес жыл бұры рубль 4,8 теңге тұрды, ал енді 5,4 теңге, өсу көрсеткіші небәрі 11%1, – деді Қазақстан фермерлер одағы төрағасының орынбасары Ермек Әбуов.
Бүгінде утилизациялық алым субсидияларды ауыл шаруашылығы саласынан техниканы жинау өндірісіне қайта бөлуде.
Реттеушілік әсерді талдау деректеріне сәйкес шаруалардан утилизациялық алым есебіне жыл сайын 30-35 млрд теңге алынады. Отандық техникаға бағалардың өсуіне байланысты шаруалар тағы 19 млрд теңге қосымша шығындалады деп күтілуде. Нәтижесінде шаруалардан 55 млрд теңге алынады, ал ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидияларға жылына шамамен 40 млрд теңге жұмсалады және АӨК-ті субсидиялау көлемінің небәрі 20%-ын құрайды, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов.
Отандық ауыл шаруашылығы машина жасауды дамытуға қатысты дәйектер негізсіз.
Бұдан бөлек жекелеген өнімге, мәселен – кабельді жинақтауда нақты әкімшіліктендіру қарастырылмаған.
"Кабельге 5% мөлшерінде утилизациялық алым ставкасы тауар құнына байланған. "Атамекен" ҰКП және ӨКМ операторында утилизациялық алымды басқару туралы түсінігі жоқ. Нарықтағы әрбір сатушы бір кабельді әртүрлі бағамен сата алады, сондықтан қалдықтарды жинау әр уақытта әр түрлі болады, бұл жайт заңға қайшы келеді", – деді "Интеркоммерц Казахстан" кабель орталығының жетекшісі Владимир Ким.
Салыстыру ретінде спикер Ресейді мысалға келтірді, онда утилизациялық алымның ставкасы тауар бағасына емес, материалдар массасына негізделген және формула бойынша есептеледі. "Еегер екі елдегі бірдей екі кабельді салыстыратын болсақ, онда ҚР-да утилизациялық алым мөлшері Ресейдегі мөлшерден 170 есе жоғары болады", – деді ол.
Жиналған қаражатты басқару мен жұмсаудың нақты механизмдердің болмауы шикіліктерге әкеледі және шығындардың тиімділігіне күмән тудырады.
"2017-2019 жылдар аралығында кезең ішінде "ӨКМ операторы" ЖШС утилизацияға 220 млрд теңге жинаған. Оператордың салық есептілігі деректеріне сәйкес осы кезең ішінде салық төлемдерінің жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеден асты. Бұл ретте 25,47 млрд теңгеден астамы немесе барлық салық төлемдерінің 97,74%-ы табысқа корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдерге түсті", – деді "Ел Тірегі" Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының басқарма мүшесі Тимур Жаркенов.
Спикердің айтуынша, корпоративті салыққа қолданыстағы 20% мөлшеріндегі ставкасында "ӨКМ операторы" ЖШС-ның 2017-2019 жылдар ішіндегі таза табысы 102 млрд-қа жуық теңге болды.
"Оператордың маржасы – 50% пайызға дейін жетеді , яғни түсінікті тілмен айтсақ, "Оператор РОП" ЖШС-не аударылған әрбір екінші теңге ЖШС қалтасына түседі деген сөз. Аталмыш салықты төлеушілерден түскен қаражат бюджетке емес, жеке компанияның қалтасына кетеді", - деді ол.
Осы орайда бизнес-қауымдастық пен қоғам өкілдерінің коалициясы ҚР Экологиялық кодексінің жобасы бойынша мынадай ұсыныс білдіріп отыр:
1) Қодекс жобасынан нарыққа қатысушыларды ынталандыру үшін утилизациялық алымын пайдалану жөніндегі нормалар алып тастау.
2) Тарифті кәдеге жаратудан кейін алынатын шикізат құнын ескере отырып, тек утилизация жасауға қажет мөлшерде белгілеу.
3) Утилизациялық алымнан жиналатын қаражатты жұмсау тәртібін бекіту, сонымен қаражаттың жұмсалуына қоғам бақылауын орнату, есеп беру,
4) Ауыл шаруашылығы техникасын, кабель мен автокөлікті ж ткізушілер мен тауар өндірушілердің тауарды жинап, тасымалдап және утилизациятын жүйесіне кіргізу.