"Birgemiz: bilim" Жамбыл өңірінде
!["Birgemiz: bilim", сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 20:30](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-79b1dd8c-6083-45dc-a208-cd0995d5a2da/800x452.webp)
"Жамбыл облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компютерлік және құқықтық сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету " әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" жастар қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылуда
Жоба бойынша 5 бағытта онлайн сабақтар түсірілді атап айтқанда:
· ҰБТ-ға дайындық
· Комьютерлік сауаттылық
· Құқықтық сауаттылық
· Ағылшын тілі курстары
· Олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық бойынша.
Аз қаматылған отбасындағы оқушылар, әлеуметтік осал топтағы оқушылар санатын оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда жоба бойыншы 1200 оқушы мен 120 волонтер қамтылып 150-ге жуық онлайн курстар түсірілген болатын.
Негізгі "Жамбыл облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компютерлік және құқықтық сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету " бойынша жету қажет меже 1000 оқушы мен 100 волонтерларды тарту болып табылатын. Жоба аясында жеткен нәтижелер барлық үмітті ақтады.
#qogamgov #cisc2020