Елбасы Әблязов жайлы ойымен бөлісті: Соны есіме түсіргім келмеп еді...
Ақорда
Сенген адамын артынан тас атқаннан жаманы жоқ. Сондай жиіркенішті. Яғни, сіз оған жақсылық жасайсыз, ал ол сізге қастықпен жауап береді - Елбасы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Штрихи к портрету" деректі фильмінде Нұрсұлтан Назарбаев адам бойындағы адами ізгіліктер қасиетіне тоқталып, өмірінде айналасындағылардың сатқындығымен бетпе-бет келгенін де айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
- Жақсылық адам үшін ешқашан кемшін қасиет болып табылмайды. Бірақ егер жасалған жақсылық бизнеске, мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін болса, ондайда оның мағынасы жойылады. Сондықтан оның ара-жігін ашып алып отыру керек. Егер ол мойнына жүктелген міндетті атқара алмаса, қолынан ол келмесе, ұрлық жасаса, мен оған жақсылық жасауым керек пе, басқа адамдар мұндайда не дейді? Мен, қатал болдым, тіпті өз туыстарыма да. Біз жас мемлекет болдық, еш жерден тәжірибе алмаған, не істеу керектігін, қалай жасау қажеттігін білмейтін. Сондықтан бұл арада қателіктерге жол берілуі мүмкін. Адамға сенген, ал сол сенген адамын артынан тас атқаннан жаманы жоқ. Сондай жиіркенішті. Яғни, сіз оған жақсылық жасайсыз, ал ол сізге қастықпен жауап береді. Бірақ мен кешіремін, тағы да кешіремін. Ұмытамын, оны есімнен шығаруға да тырысамын. Сатқын ешқашан тыныш өмір сүре алмайды ғой. Өйткені оны іштей сатқындық кеміріп әкетіп барады. Әрине, түбі жақсы болмайды. Сатқында тек бір-ақ жол бар, - деді Елбасы.
Елбасы бір кездері елден қашып кеткендердің бәрін кешіруге дайын екенін, "тек халқы алдында өз кінәсін ашық мойындап, ұрлаған ақшаны қайтарып, тәубеге келсе болғаны" деп айтқанын еске алды. Бірақ, әзірге сырттан бұған жауап берген ешкім болмапты.
Бұл ретте қашқын банкир Мұхтар Әблязов мысалға келтірілді.
- Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жастай энергетика министрі етіп тағайындадым, ол жұмыс істей бастады, сөйтіп ұрлық жасады. Бұған менің не қатысым бар? Мен оны қолдадым, өсірдім. Ұрлық жасаған екен, түрмеге отырғыздым. Бірінен кейін бірін хаттарды бұрқыратты. "Оны кешіріңізші, босатыңызшы" деп достары мен туыстары да жазды. Біраз уақыт өткен соң президенттің кешірім беру құқығын пайдалана отырып, оны кешірдім. Әйтпесе қазір ол әлі түрмеде отырар еді, мүмкін үстіне тағы қосып алар ма еді? Ал содан кейін оны банкке қайта жібердім, ал ол не істеді? 7,5 миллиард долларды қолды қылды, қазір сол ақшаға, міне 15 жыл болды, Батыста өмір сүріп жатыр. Несімен өмір сүріп жатыр? Оның жұмысы жоқ қой, жалақы алмайды. Бұл - депозиттерге салынған халықтың ақшасы, мемлекет сол ұрланған ақшаны адамдарға қайтарып берді. Біз әлі күнге дейін бұл ақшаны іздеп, талап етіп, там-тұмдап қайтарып алып жатырмыз. Сонда бұл қалай болғаны? Соны есіме түсіргім келмеп еді, тек ол да солардың біреуі (сатқындардың), - деп нақтылады сөзін Тұңғыш Президент.
Оның пікірінше, адамға, ең алдымен туған елі мен жері жақын болуы керек.
- Кейде отырып ойланамын, осының барлығы оған не үшін керек деп? Әсіресе, қазақ үшін шетелде өмір сүру оңай емес. Қазақтар: "Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол" деп бекер айтпаған. Ондағы қымбат мейрамханаға 10 рет бардыңыз, 10 жаңа костюм сатып алып, кидіңіз, гамбургерді қалағаныңызша жедіңіз делік, бірақ қашанға дейін? Айналадағылардың барлығы жат, жақыннан ештеңе жоқ. Өз туған елін, жерін бәрінен де ең жақыны. Әрине, басқа түскені сол, оңай емес. Солай болды. Өкінішті, әрине. Жалпы алғанда, ол адам жақсы жұмыс істеп, өз Отанына жәрдем бере алар еді, ал бірақ ол қашқын болып шықты. Менің жақсылығымды, қолдауымды көрген, бірақ қазір жырақта өз еліне қарсы жұмыс істеп жатқан сол секілді бірнеше адам бар. Біз бәріміз тәуелсіздігімізді жабыла, жұмыла қорғауымыз керек, - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript