Жаңалықтар тізбегі
0

Қуыршаққа үйленген қазақстандық әлемді шулатты

instagram / yurii_tolochko, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2020 16:55 instagram / yurii_tolochko
Тілсіз махаббат!

Қуыршаққа үйленген қазақстандық қуанышын дүрілдетіп атап өтті. Тойына жиналған жақын-жуығының алдында жансыз затпен би билеп, бетінен өпкен отандасымыз оған өлердей ғашық екенін айтты. Әлемде ит, кілем, тіпті ағашпен неке қиған жандар бар екен. Бұл дерт пе, әлде атақ шығарудың жаңа амалы ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл жігітті әлеуметтік желілерден шықпайтын жұрттың көбі біледі. Юрий Толочко осыдан бір жыл бұрын интернетте аса қатты танылды. Ол кезде көпшілікке маникенді, жалпақ тілмен айтқанда қуыршақ әйелді өмірлік махаббатым деп таныстырған еді. Әрине, бұл жұрттың езуіне күлкі үйірді. Көбі "атың шықпаса жер өртенің" кері деп білді. Бірақ, сол қуыршаққа есі кеткен ол, ақыры оған үйленіп тынды. Тіпті, карантинге қарамастан шағын той да жасады.

Юрий тойына тек жақын достарын шақырыпты. Қуыршақ келіншегінің қолына неке жүзігін тағып, жүзі бал-бұл жанып, бақыттан басы айналды. Ал күйеуінің кім және қандай адам екенінен мүлдем бейхабар қуыршақ келіншектің аты - Марго екен. Ал оған үйленерден бұрын Юрий біздің арнаға сұхбат берген еді. "Бұл әрекетім көпті таңқалдырғанын білем" деген ол, таңдауына еш өкінбейтінін айтқан болатын.

Юрий Толочко, қуыршақтың күйеуі:

Бұл оқиға көпшіліктің қызығушылығын оятты. Сөге жамандап, хайп қуған дегендер де болды. Тіпті, таңдауыма құрметпен қарағандар да табылды. Мен жайлы Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де талқылаулар болды.

Қуыршақты өмірлі жары еткен жігіттің мұнысын қазақстандықтардың көбі хайп деп санайды. Алайда психолог Балабек Сақтағанов мұның түп-төркінінде мынадай мәселе жатыр дейді.

Балабек Сақтағанов, психолог:

Объектілерге үйленіп жатқанын осы сәтпен қарастырмауымыз керек. Ол қазіргі тұлғаның бала кездегі өскен ортасы, отбасынан алған тәрбиесі. Мысал үшін айтайық, бала кезінде кукланы көріп, ойнағанда бір жағымды жаңалық естісе, сол жаңалық кукламен бірге психикасына әсер етіп, бейсанасын жағымды әсер қалдырады.

Бүгінде адам түсініп болмайтын мұндай "тосын тойлар" әлемнің әр елінде қарқын алып барады. Мәселен, Үндістанда да ерекше той өтті. Онда 9 жастағы қызға ұры тіс шыққан. Ал, бұл олардың наным-сенімінше жамандықтың нышаны екен. Бала қиындыққа тап болып, өмірі қорлықпен өтеді деп топшылайтын көрінеді. Ондай болмас үшін туыстары қызды қаңғыбас итке тұрмысқа берген. Дегенмен, көңілге медеу болар бір тұсы, бұл қыз болашақта өз теңін тауып, оның жан жары бола алады. Бірақ, "күйеу-итіне" өмірінің соңына дейін дұрыстап бас-көз болуға міндетті. Ал, Ұлыбританиянвң Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған. 26 жастағы Бекки деген келіншек сүйікті кілемін күніне бірнеше рет шаңсорғышпен тазартып, тазалап, жуады екен. Тіпті оған Мэт деген есім берген.

Балабек Сақтағанов, психолог:

Бұны жаңа тренд деп айта алмаймыз. Бұл бұрыннан бар. Өзінің ғылыми атауы да бар. Бір объектілерге ұмтылыс, қызығушылық, жыныстық қарым-қатынас фетишизм деп аталады. Бұл ауру деп айта алмаймыз, бұл психологиялық ауытқушылық.

Шетелде мұндай жайттар жиі кездеседі, кей жерлерде, тіпті заңдастырылған. Ал біздің қоғам ақылға қонымсыз мұндай тенденцияны қабылдай алмайды. Ал, психолог Жаңагүл Тұрманова бұл тенденцияны ауруға балап отыр. Яғни, дені сау адам мұндай тірлікке бармайды, дейді. Біздің жастар оны атын шығару, танымал болу үшін жасаса, ал шетелде өмірдің өзі сондайға итермейлітін көрінеді.

Жаңагүл Тұрманова, психолог:

Кейбір мемлекеттерде жыныстық ерекшелігі көрінетіндей әдемі куклаларды шығарып, арнайы неке көйлегін киген, қуыршақтарды шығаратын себебі сол. Күнде таңертең ол сөйлеп оянады, қайырлы таң жаным, таңғы асты ішеміз, яғни компьютерлік бағдарламамен жасап қойған, арнайы. Дамыған елдерде ол сатылады.

Бір қуаныштысы, біздің елде мұндай некелер санаулы ғана. Десе де, мамандар мұндай үрдіске бей-жай қарауға болмайды дейді. Шетелдің қаңғысын таңсық көретін жастарымыз еліктеп кетпесе деп алаңдайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: