Президентке "Теңіз" кенішіндегі короновирусқа қарсы күрес жұмыстарының жайы баяндалды

Қазақстан Президенті "Теңізшевройл" ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Теңізшевройл" компаниясының өндіріс орындары мен "Теңіз" кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.
Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.
Мемлекет басшысы "Теңізшевройл" компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.