Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей Әблязовті сырттай 15 жылға соттады

Jeffrey Schaeffer (AP), сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 22:35 Jeffrey Schaeffer (AP)
Әблязов бұл айыптардың барлығының "саяси астары бар" деп мойындамайды.

28 желтоқсанда Мәскеудің Таган соты қазақстандық БТА банктің бұрынғы төрағасы, қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті сырттай 15 жылға соттады. Ресей бас прокуратурасының ақпаратында Әблязовтің Ресейден "60 миллиард рубль жымқырғаны" (811 миллион доллардан астам) айтылған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Ресей құқық қорғау органдары Әблязов пен оның серіктерін "алаяқтық" (159-бап 4-бөлім), "қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру" (171.1-бап 3-бөлім)және "топ ұйымдастырып, үлкен көлемде залал келтіру" (165-бап,"а" және "б" пунктері) баптары бойынша айыптаған. Хабарламада "айыпталушылар Ресейден тыс аумақта жасырынып жүр, оларды қайтару туралы өтініш қанағаттандырылмады" делінген.

Сот БТА банктің бұрынғы қызметкерлері Анатолий Ерещенко мен Александр Удовенкоға - 13 жыл, Татьяна Параскевичке - 12 жыл, Игорь Кононкоға 10 жыл түрме жазасын берген. Бәріне де үкім сырттай шыққан.

Одан бөлек, "банкке келген 173 миллиард рубль зардаптың орнын толтыруды" талап еткен азаматтық шағым да қанағаттандырылған. Шағым негізінде Әблязовтің офшор компанияларындағы есепшоттары мен жер телімдеріне және өзге айыпталушыларға тиесілі құны 24 миллиард рубль болатын мүлікке бұғау салынған.

Тергеу ақпаратына қарағанда, Әблязов пен оның серіктері 2006-2009 жылдары БТА Банктен 58 миллиардтан астам рубль жымқырған. Ол өзіне қарасты компанияларға банк үлестірген бірқатар несиені қайтаруды талап ете алатындай құқық берген. Соның арқасында бұл компаниялар банкке тиесілі қаражатты иемденіп кеткен.

Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы кеткен. Қазір Францияда тұрып жатыр. Қыркүйек айының соңында Франциядан саяси баспана алған Мұхтар Әблязов қазан айында қамауға алынып, екі күн түрмеде өткізгеннен кейін босап шықты. Әблязов мұның артында "Қазақстан билігі тұр" деп мәлімдеді. Оның адвокаты Жерар Чолакян Әблязовқа Қазақстанда қозғалған "7,5 млрд доллар қаржы жымқыру ісі" бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.

2018 жылы қарашада Қазақстан соты Әблязовты "2004 жылы Тұран-Әлем банктің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді" деген айыппен сырттай өмір бойына соттаған. 2017 жылы "ақша жымқырды", "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 20 жылға бостандығынан айыруға сырттай үкім шығарған.

Әблязов бұл айыптардың барлығының "саяси астары бар" деп мойындамайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: