Енді кеденшілердің жұмысы өзгереді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 01:37 Ақорда
Заң сыбайлас жемқорлық қылмысын барынша азайтып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүйені ақпараттандыру кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мен шешім қабылдауда уақытты қысқартады. Заң кедендік ақпараттық база мен "Бір терезе" жүйесінің жұмысын жақсартуға, сондай-ақ адамдардың қатысуын барынша азайту арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Жүйені ақпараттандыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін қарау және шешім қабылдауда да уақытты қысқартады. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы кедендік тексеруді жүргізу тәртібі қайта қаралады.

Камералдық кедендік тексеру 6 айдан 2 айға дейін қысқарады, ал жергілікті кедендік тексерулерге шектеулер қойылады.

Заң сыбайлас жемқорлық қылмысын барынша азайтып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: