Өскеменде 1 қаңтардан бастап екі автоматты станцияда озон өлшенеді
Финляндияның метеорологиялық институты жүргізген әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бағдарламасының ұсынымдары негізінде "Қазгидромет" РМК Қазақстан Республикасының қалалары мен елді мекендерінің атмосфералық ауасындағы озон құрамы мониторингінің бақылау желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап озон Өскемен қаласында Л.Толстой көшесі, 18 және Шәкәрім даңғылы, 79 мекенжайлары бойынша орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылайтын екі автоматты станцияда өлшенеді.
Озоннан басқа, аталған станцияларда автоматы режимде РМ-2,5 және РМ-10 концентрацияларын өлшеу жүргізіледі.
ӘЭЗБ ұсынымдарына сәйкес ауадағы қандай да бір ластауышты анықтайтын станциялар саны халық санына байланысты, мысалы, Өскемен қаласы үшін (346 мың адам) РМ-2,5 және РМ-10 қалқыма бөлшектерінің мониторинг станцияларының ең аз саны 2 бірлікті құрайды; озон – 1 станция.
Қазіргі уақытта "Қазгидромет" РМК Өскемен қаласында атмосфералық ауа сапасына толыққанды мониторинг жүргізуде, алайда жоғары экологиялық жүктемені, өнеркәсіптік объектілердің көп санын, халықтың ауа сапасына және жиі кездесетін ауруларға деген көптеген шағымдарын ескере отырып, "Қазгидромет" РМК ағымдағы 2021 жылы атмосфералық ауа сапасының қосымша 3 автоматты станциясын сатып алуды, сондай-ақ қолданыстағы 5 сынамаларды қолмен іріктеу бекетін автоматтандыруды жүргізуді жоспарлап отыр.
Жаңа станциялар РМ-2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектері, көміртек оксиді, азот оксиді және диоксиді, күкіртсутек және күкірт диоксиді датчиктерімен жабдықталады.
Осылайша, 2021 жылдың соңына қарай Өскемен қаласында РМ-2,5 және РМ-10 қалқыма бөлшектерін анықтайтын 10 станция жұмыс істейтін болады.