Жаңалықтар тізбегі
0

Алексей Навальный Ресейге қайтатынын хабарлады

RFE/RL, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2021 22:24 RFE/RL
Саясаткер 17 қаңтарда Мәскеуге ұшатын рейске билет алған.

Оппозиционер Алексей Навальный Ресейге қайта оралатынын мәлімдеді.

Саясаткер 17 қаңтарда Мәскеуге ұшатын рейске билет алған.

"Қайтам ба, әлде қалам ба?" деген сұрақ мазалаған емес. Мен ешқайда кетпедім. Германияға мені жансақтау төсегімен бірге алып келді. Оның себебі: мені өлтіруге тырысты", — деп жазды саясаткер әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алексей Навальный (@navalny)

Навальный былтыр тамыздан бері Германияда тұрып жатыр. Оны Берлинге медициналық ұшақпен жеткізді. Бірнеше зертхана саясаткерге у бергенін анықтады. Ол у "Новичок" тобына жататыны мәлім болды.

Ресей билігі саясаткер өміріне қастандық жасалғанын елемей отыр. Халықаралық журналистер тобы оппозиционерге жасалған қастандыққа Федералдық қауіпсіздік қызметінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтаған. Кремль мұндай болжамды жоққа шығарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: