Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 3 кеден бекеті жойылды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 15:56 liter.kz
"Түркістан-КРО" кеден бекеті "Түркістан-КРО-Әуежай" кеден бекеті болып қайта аталды.

Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды, "Құрық" кеден бекеті мен "Қара шекпен" бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ "Түркістан-КРО" кеден бекетінің аты өзгерді. Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында айтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының штаттық кестесі мен құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 бұйрығына сәйкес мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:

1) Алматы қаласы бойынша МКД:

- "Алмалы - КРО" кеден бекеті қысқартылды;

2) Ақмола облысы бойынша МКД:

- "Атбасар" кеден бекеті қысқартылды;

3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:

- "Қашаған" кеден бекеті қысқартылды;

- "Морпорт" к/б "Қара шекпен" бақылау-өткізу пункті құрылды;

- "Құрық" кеден бекеті құрылды;

4) Түркістан облысы бойынша МКД:

- "Түркістан-КРО" кеден бекеті "Түркістан-КРО-Әуежай" кеден бекеті болып қайта аталды.

Сонымен 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады. Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: