Жаңалықтар тізбегі
0

Цойдың карантин енгізу туралы болжамы Қуат Хамитовтың ашуын туғызды

ticketon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2021 23:45 ticketon.kz
Мен халқымның АРАБТАР сияқты өмір сүргенін қалаймын! 20 жылдан кейін емес, бүгін, қазір ...

Бүгін Үкімет отырысында айтылғандай, 2021 жылы тағы қатаң карантин режимі енгізілуі мүмкіндігіне қатысты ережесіз жекпе-жек шебері Хамит Хамитов пікір білдірді.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба жариялады.

"... Біздің шенеуніктерге таң қаламын, егер, расында осындай болжағыш қасиеттеріңіз болса, әлі жоқ науқастар санына дейін біліп, статистикасын келтіріп, оның салдарына дейін бажайлай алатын мықты екенсіздер, онда алдағы бес жылға болжам жасап беріңіздерші, өтініш! Мен халқымның АРАБТАР сияқты өмір сүргенін қалаймын! 20 жылдан кейін емес, бүгін, қазір ... Біздің олардан қай жеріміз кем, оларға қарағанда мұнай бізде көп, одан бөлек алтын, газ, уран және басқасы тағы бар... Бірақ, неге екенін, Африканың халқы секілді өмір сүреміз, осыған не деп жауап бересіздер, болжамгер мырзалар?! Біз қашан қарапайым адамдарды алған біліміне сай жұмыспен қамтамасыз ете бастаймыз? Біздің балалар қашан тегін білім алатын болады? Біздің ағалар-көкелер және олардың бала-шағасы шетелде емес, біздің ауруханаларда қашан емделіп, баласын босанады? Болжамгер мырзалар, неге осындай нәрселерді сөз етпейсіздер? Карантиндеріңізбен өз адамдарыңызды және олардың бизнесін өлтіріп жатырсыздар! Батысқа немесе Шығысқа жалтақтамай, қашан нағыз тәуелсіз ел сияқты әрекет етуге батылдарыңыз жетеді? Халықты ойлайтын уақыт келді, уақыт келді!" - деп жазды Хамитов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2021 23:45

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: