Сотталған қазақ түрмеде кітап жазды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/20 қауіпсіздігі жоғары мекемесінде сотталған Мұрат Айдарханов жазасын өтеп жатыр. Мұрат поэзияны жақсы көреді, бостандықта ол "Чтец" және "Тағдыр" атты екі жинағынан кітап жазып шығарған. Кітаптар 2017 жылы, 200-300 данада шығарылды, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
2019 жылы есірткі заттарымен заңсыз айналысқаны үшін Мұратты сот 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Бүгінде сотталған жазасын өтей отырып, тағы екі кітапты шығаруға бар күшін салып жатыр. Мұраттың айтуынша, онған шабытты оның 3 жасар қызы береді екен. Кішкене кызын есіне алғанда шабыты оянатын көрінеді.
Ол өзінің алғашқы өлеңдері мен прозаларын 12 жасында жазған. Кейін бұл ісін тоқтатқан. Сотталушының айтуынша, ол сол кезде философияға қызығушылық танытып, Абайдың Қара сөздерінен бастап, Пушкиннің өлеңдерінен, ежелгі грек философы Аристотельдің ойларына дейінгі көптеген кітаптарды оқыған. Сондықтан алғашқы кітабы, яғни, "Чтец" деп аталған екен.
Мен өз ізімді қалдырғым келеді. Мен қазір тағы екі кітапты жазумен айналысып жатырмын. Биыл Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл толады, ақынның мерейтойына орай жаңа кітапқа бірнеше өлең жазғым келеді. Мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 10-нан астам өлең мен проза жаздым, сондай - ақ пандемия кезінде Қазақстандықтар бастан кешкен қиындықтар мен сынақтар туралы айтып өттім, - деп бөлісті Мұрат.
Сотталғанның төрт баласы бар, үлкені 30 жаста. Сондай-ақ, Мұраттың 11 жасар ұлы да әңгімелер жазады екен. Сотталған ұлының жетістіктерімен мақтанышпен бөлісіп, оған үлкен үміт артатынын мойындады.
Сотталушыны жиһаз цехына жұмысқа орналастырды. Сондай-ақ тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Жасақ бастығымен бірге кітапханаға барады, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.