Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Құсайынов Алматының Алмалы ауданына әкім болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 18:16 видеодан кадр
С.Құсайыновтың кандидатурасы Президент Әкімшілігінде алдын ала қаралып, келісілген болатын.

Алматы қаласының мәслихаты Алмалы ауданың әкімі қызметінің кандидатурасына келісімін берді, деп хабарлайды zakon.kz.

VII шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс II сессиясында Алматы әкімі Б. Сағынтаев Алмалы ауданының әкімі қызметіне Серік Досымханұлы Құсайыновтың кандидатурасын ұсынды.

С.Құсайыновтың кандидатурасы Президент Әкімшілігінде алдын ала қаралып, келісілген болатын.

Серік Досымханұлы Құсайынов, 1964 жылы туған, Алматы облысының тумасы Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған, Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Мемлекеттік басқару жүйесінде едәуір жұмыс тәжирибесі бар.

Түрлі жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс жасаған. Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары С. Құсайыновтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: