Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғары вольтты сымдар кінәлі: көшедегілердің бәрі онкологиядан қайтыс болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 15:36 видеодан кадр
Байқоңыр ауданына қарасты бұл көшеде 1 мыңға жуық адам тұрады.

Электр сымдарынан тараған магнитті сәулелер бізді қырып бітетін болды. Базынасын айтқан елорда тұрғындары 90 жылдардың соңында көшелеріне тұрғызылған жоғары кернеулі бағаналар өміріне қауіп төндіріп жатқанын айтты. Жұрт мәселесін айтып қала әкімінің қабылдауына бірнеше жылдан бері кіре алмай жүр екен. Ал, соңғы уақытта Байқоңыр ауданында қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың қатары артты, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Елорданың дәл осы оң жағалаудағы ауданды онкологиялық аурулардың ошағы деп санайды. Оған себеп, көшенің қақ ортасынан өтетін жоғары кернеулі бағаналары. Осыдан шыққан магнитті сәулелер адам денсаулығына орасан қатерін тигізетін көрінеді. Сөзімізге дәлел, дәл осы Күлтегін көшесінде соңғы бір жылда 4 бірдей адам қатерлі ісіктен көз жұмған.

Жұрт арасында бұл жоғары кернеулі сымдар "өлім бағанасы" деп аталып кеткен. Дәл үйлерінің іргесінен өтетін қуатты электр құрылғылары денсаулықтарына әбден зақым келтіріп тыныпты. Жиналғандардың басым көпшілігінің созылмалы дерттері бар екен. Бірнеше ауру бойынша емханаларда есепте тұратын көрінеді.

Райхан Ибраева, қала тұрғыны:

Мына высоковольтканың есебінен біз қаншама зардап шегіп жатырмыз. Үкіметтен ешкім артық нәрсе сұрамайды. Біз неше жылдан бері тұрғалы налогын да төлеп, барлығын да төлеп. Біз енді имеем право өзімізге керек нәрсені сұрауға. Екі балам бірдей аллергия, кішкентай немерем сахарный диабет. Өзім инвалид күйеуім екеуміз.

Әлеуметтің сөзінше, дәл жеке сектор аумағында тұрған электр сымдарынан тарайтын магнитті сәулелер қалыпты нормадан бірнеше есе артық екен. Ұзақ жылдан бері басымыз ауырады, дейді.

Бану Садуова, қала тұрғыны:

Мына жерде 4 көршім қайтты. Жылы да болған жоқ. Онкологиядан бәрі. Ана жерде Мұхтар, тетя Роза, мына жерде Сергей, мына жерде Орынбек қайтты. Онкология, бәрі онкология. Бізге жол керегі жоқ, свет керегі жоқ. Өлейін деп жатқанда свет жағамыз ба? Бір аяғымыз төрде, бір аяғымыз көрде. Сіздерден өтініш, снос керек снос.

Тұрғындар ұлардай шулаған соң, электр бағаналарына жауапты мекеме өкілдері де төбе көрсетті. Олардың сөзінше, жоғары кернеулі сымдар заң шеңберінде тартылған, тиісті құжаттары да бар. Магнитті сәулелер қалыпты деңгейден жоғары деген сөзге келіспейді. Қайта сынама жүргізуге әзір екендерін жеткізді.

Александр Сырвачев, "Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы" АҚ басшысының орынбасары:

Сол уақытта бұл электр бағаналарының тұрғызылуы үшін барлық тиісті құжаттары берілген. Мемлекеттік мекемелермен де келісім жасалған. 1999 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Біздің компанияға бұған дейін де электр бағаналарының магниттік сәулесі жоғары деген хаттамалар келген. Бірақ, біз онымен келсіпейміз. Тұрғындармен бірге қайтадан тексеру жүргізуге дайынбыз.

Байқоңыр ауданына қарасты бұл көшеде 1 мыңға жуық адам тұрады. Басым көпшілігі 90 жылдарда жер алып, баспана салып алған. Ал, енді жылжымайтын мүлікті сатайын десе, өтпейді. Сондықтан, магниттік сәуледен зардап шеккендер ескі үйлерінің сүріліп, орнына жаңасы берілгенін талап етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: