Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда мыңға жуық медицина қызметкері екпе алды

ҚР ДСМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 21:18 ҚР ДСМ баспасөз қызметі
ОКҚ-да COVID-19-ға қарсы вакцинация барысы айтылды.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде астанадағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және медициналық қоғамдастық өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның қалай өтіп жатқанын және екпе туралы маңызды мәліметтерді айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасында халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңмен вакцинация 2021 жылғы 1 ақпаннан басталды. 1-8 ақпан аралығында Астанада 916 медицина қызметкері вакцинациядан өтуі тиіс болған, оның 719-ы егу салдырды, қамту 78,5% құрады.

Бірінші болып қауіпті аймақта тұрған инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, МСАК, көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлмелеріндегі мамандар екпе салдырды. 8 ақпандағы жағдай бойынша басқарма қоймасында КВИ вакцинасының 1 531 дозасы бар, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Жалпы алғанда, елордадағы 36 МСАК ұйымында 36 егу кабинеті жұмыс істейді, онда COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда. Егу пункттері қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. 36 жылжымалы бригада, COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізуге және қалдықтарды кәдеге жаратуға жауапты адамдар анықталды.

МСАК ұйымдарында 80-нен астам фильтр кабинеті бар. Емханаға кіре берісте міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізіледі, пациенттерге санитайзер мен қол сүрту және маска кию міндеттелген, респираторлық инфекцияларға эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде COVID-19 ауруын симптомдарына сауалнама жүргізіледі. Сонымен қатар, Басқарма қоймасындағы диапазоны -18-25°С көлемі 360 литр 4 тоңазытқыш бар. МСАК ұйымдарында мұздатқыш камералары бар (-18°С) – 20 дана, 2021 жылғы 19 қаңтарда қосымша 22 мұздатқыш камерасы жеткізіледі деп күтілуде, сондай-ақ термоконтейнерлердің 82 бірлігі бар.

Басқарма СЭБД-пен бірлесіп егу кабинеттерінің вакцинацияға дайындығы мен екпенің салыну барысын бақылайды және тоңазытқышта сақталуына мониторинг жүргізеді, - дедіТ.Мұратов.

UMC клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, "АМУ" КЕАҚ нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсы ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель атап өткендей, жақында шыққан клиникалық материалда "Спутник V" вакцинасы Ұлыбританияда жаңа штамға протективті әсереткені жарияланды. Ұлыбританияда, Испанияда жүргізілген ғылыми зерттеулер вирустың әртүрлі штамы, соның ішінде қарапайым суық короновирус арасында кросс-реактивтіліктің бар екенін көрсетті, олар зертханалық зерттеулер бойынша COVID-19 бар халықтың 20-50% және Т-жасушалық жадта 19% көрсетті. Мұның бәрі адамның ауру көріністерінің гетерогенділігін түсіндіреді және "Спутник V" короновирус басқа штамдарынан қорғану қабілетін ғылыми дәлелдейді.

Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін иммунитеттің қанша сақталатыны уақыт еншісінде. Ғылыми негіздегі зерттеулер оның тұмау вирусымен ұқсастығын көрсетеді. Әзірге клиникалық зерттеулер аясында вакцинацияланған адамдардың иммунитетін ғана мысал ретінде қарауға болады. Аурудан кейін антидене деңгейі біртіндеп төмендейтінін және кейбір жеңіл түрде ауырған науқастарда мүлдем анықталмайтындығын ескере отырып, вакцинацияны қайталау керек. Тиісінше, жазылып шыққандарға да екпе салу қажет, -дейді сарапшылар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцина пациент екпе туралы толық ақпарат алған соң, ерікті түрде келісімімен салынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: