Өткен тәулікте Алматыда 10 мыңға жуық адам екпе алды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 17:44 Pixabay
Алматыда вакцинация жоспарға сәйкес жүруде және 11-23 сәуір аралығында 100 мыңнан астам адамға КВИ-ға қарсы екпе салу жоспарланған.

Өткен тәулікте Алматыда 11 130 адам вакцина алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жалпы 1-ден 12 сәуірге дейінгі мерзім аралығында қалада 86 790 адам вакцинацияланды.

Қаладағы аудандар бойынша екпе алған тұрғындар туралы ақпарат:

Алатау ауданы - 6 390;
Алмалы ауданы - 19 085;
Әуезов ауданы - 13 240;
Бостандық ауданы - 17 600;
Жетісу ауданы - 3 205;
Медеу ауданы - 12 110;
Наурызбай ауданы - 4 785;
Түрксіб ауданы - 10 375.

Алматыда вакцинация жоспарға сәйкес жүруде және 11-23 сәуір аралығында 100 мыңнан астам адамға КВИ-ға қарсы екпе салу жоспарланған.

12 сәуірде коронавирус (жергілікті) инфекциясының 598 жағдайы тіркелді, оның 507 симптомы бар, 91-і - симптомы білінбейтіндері. Барлығы 528 науқас ауруханадан шығарылды, 337 науқас қайта келіп түсті.

Бүгінгі таңда 3 665 науқас жұқпалы аурулар ауруханаларында (6 100 төсектік) жатыр (98 бала - жеңіл және орташа), 751 ересек адамның жағдайы ауыр, 3 004 орташа ауырлық дәрежесінде. Жасанды тыныс алу аппаратына 36, өкпеге жасанды жолмен ауа жіберу аппаратына 77, High flow аппаратына 81 науқас қосылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: