Жаңалықтар тізбегі
0

Адам папилломасы вирусы: 23 мыңға жуық қыз бала екпе алды

Ребенок в больнице, дети в больнице, ребенок, дети, детская больница, вакцинация для детей, прививки детям, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 14:56 Фото: freepik
Қазақстанда 23 мыңға жуық қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы екпе алды. Обыр дертін шақыратын 16,18 типтегі вирусқа қарсы егілу науқаны қыркүйекте басталған еді.

Вакциналау 11 және 13 жас аралығындағы қыздар арасында ерікті түрде жүргізіледі.

Айта кетейік, екі компоненттен тұратын екпе бағасы – 54 мың теңге. Вакцина адам папиломасы вирусының бірден төрт түріне әсер етеді.

Дәрігерлердің айтуынша, бойында вирусы бар жандар да осы вакцинаны салғыза алады.

Жатыр мойны обырының қатерін азайту мақсатында ересек әйелдер де екпе алуға ниет танытып жатқан көрінеді. Осы себепті елге ересектерге арналған екпені алдыру қарастырылып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының екі мың дерегі тіркеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: