Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей мен Трамп истерикаға ұрынып жатыр

kremlin.ru kremlin.ru
Байден Путинді "демократ елдердің басты қарсыласы" деп, Ресейді конференцияға шақырмайық дейді.

Күткендегідей, Ресейде кешегі ЕО келісіміне байланысты истерика басталды – Брюссельдің мұнысынан түк те шықпайды, бізді санкциямен қорқыта алмайсың деген сияқты, дейді сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Сұрақ: егер санкциядан қорықпайтын болса онда истерика (сасқанынан қояншығы қозу) неге керек? Елемеген болып отыра бер, кім қарсы?

Сондай-ақ Байденнің Мюнхенде сөйлеген сөзіне қарсы истерика жалғасып жатыр. РАН-ның АҚШ және Канада институтының бас ғылми қызметкері Владимир Васильев: "Байден "қызыл сызықтан" өтіп кетті, ол Путиннің жеке басына тиісіп бастады, мұндай жағдай СССР мен қырғи-қабақ соғысы кезінде де орын алған жоқ", деді. Мен баяндаманың аудармасын қарап шықтым, онда ешқандай да Путиннің жеке басына тиіскен ештеңе де байқамадым. Шамасы Ресейді конференцияға шақырмай, оны демократ елдердің басты қарсыласы дегенді айтып отырған болуы керек, ал ол шындық екені көпшілікке аян және шақырмағаны дұрыс болған.

Сондай-ақ кешегі АҚШ Жоғарғы Сот шешіміне де Трамп истерикаға ұрынып жатыр. "Мені саяси қудалап жатыр" деп мәлімдеме таратыпты. Салық декларациясын тапсыру міндеті ғой онсыз да, оттаған әңгіме ғой, айқайлай берсін, дейді пост авторы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: