Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда оқытуды аралас форматта ұйымдастыру туралы айтылды

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 22:17 Алматы ӨКҚ
Қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 278 мектеп бар.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес мектептер аралас оқыту форматына көшкенін хабарлады.

Оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші 9 және 11-сынып оқушылары аралас оқытуға көшті (пәндердің 70%-ы оффлайн режимінде және 30%-ы онлайн режимінде жүргізіледі) және бүгінгі күні мектептерде:

- 15 108 (70%) 9 сынып оқушылары;
- 8260 (78%) 11 сынып оқушылары білім алуда.

9, 11 (12) сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға, Ұлттық бірыңғай тестілеуді және жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді.

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына" және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 6 қаулысына сәйкес 1-ші сыныптан бастап 5-ші сыныпқа дейінгі оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейінгі санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту форматына көшеді.

Бүгінгі күні мектептерде аралас оқытуға:

- 1-4 сыныптардың 19 050 оқушысы;
- 5-сыныптардың 1 593 оқушысы көшті.

Білім беру ұйымдарының әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етіледі. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтыру шартымен мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға рұқсат етілді.

Шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытудан штаттық режимге өткен кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтықтан оқытуда қалуы мүмкін.

Мектептердің қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері санитарлық қауіпсіздік дезинфекциялық құралдарымен (тоннелдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киімге арналған кілемшелер және т.б.) 100% қамтамасыз етілген.

Оқытуды аралас форматта ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет:

1) сыныптағы оқушылар саны эпидемиологтар белгілеген нормаларға сәйкес келуі тиіс;
2) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақтардың ыңғайлы кестесін жасау;
3) әлеуметтік қашықтық сақтап, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдар мен ішкі ауысымдарды көбейту;
4) кабинеттік жүйені алып тастау, бір сынып-бір кабинет ауысымдар бойынша;
5) әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта сабақтар арасындағы үзілістерді ұйымдастыру;
6) кіші блокпен байланысты болдырмау;
7) кірген кезде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күнделікті өлшеуі;
8) кабинеттер мен барлық үй-жайларды желдету, кварцтау;
9) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
10) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелеріне ылғалды тазалық жүргізу;
11) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, кіші ауысымдар арасындағы ылғалды тазалық жұмыстары;
12) дене шынықтыру сабақтарын таза ауада ұйымдастыру немесе спорт залдарын тұрақты желдету;
13) мұғалімдердің кабинеттер бойынша жүріп-тұруына, мұғалімдердің кабинеттерге баруына, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салу;
14) барлық жедел кеңестерді қашықтықтан өткізу;
15) мектептің заттардың, кабинеттердің, рекреациялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
16) мектепке кіре берісте аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелердің, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің болуы;
17) сапалы сумен жабдықтау, қол жуу құралдарымен жууға жағдай жасау.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 278 мектеп бар, оның 207-сі 270 мыңнан астам оқушыны қамтитын мемлекеттік мектептер, ал 71-і 17 мыңнан астам оқушыны қамтитын жекеменшік мектептер. Бұған дейін оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында оқу жылы 1 қыркүйектен бастап мектептерде қашықтықтан оқыту форматында басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: