Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы қарсы екен: "Абай арена" "Елбасы арена" болмайды

Khadisha Akayeva (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2021 19:55 Khadisha Akayeva (RFE/RL)
Жағымпаздардың ұсынысы жерде қалатын сияқты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, деді ол.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы "Абай Арена" стадионы мен бір көшеге Назарбаевтың есімін беру бастамасы көтерілген болатын. Жергілікті мәслихаттың хабарлауынша, бұл бастаманы "танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері, интеллигенция өкілдері, жастар, ҮЕҰ, БАҚ және белсенділер енетін бастамашыл топ" ұсынған.

Бастамашыл топ Қарағайлы шағын ауданындағы көшеге және "Абай арена" стадионына (қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне қойылған) елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді сұраған. Депутаттар бір ауыздан бұл ұсынысты қалалық мәслихаттың жақын сессиясында қарастыруды қолдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: