Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев шықсын! Алматыда ашынған әйелдер әкімдікке кіріп кетті

Manshuk Assautay (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2021 21:01 Manshuk Assautay (RFE/RL)
Қазақстанда әлеуметтік көмекті арттыруды талап еткен әйелдер наразылығы жиі өтеді.

19 наурызда 15 шақты әйел Алматы қаласы әкімдігіне барып, коммуналдық төлемдердің қымбаттап кеткеніне шағымданды. Қала әкімімен кездесуді талап еткен наразы топ жәрдемақының мардымсыздығы, баспана мәселесі, қымбатшылық туралы да айтты, деп жазады centralasian.org.

– Бір бөлмеде бес баламызбен тұрамыз. Бұрын коммуналдық қызмет үшін айына 15-18 мың теңге төлейтінмін. Енді қазір маған 53 мың теңге келіп отыр. Қалдық, құбыр солардың бәрін адам басына шағып есептеген. Бұл масқара. Жолдасым 100 мың теңге айлық алады. Пәтер жалдауға кетеді. Балалардың киім, тамағы бар. Біз қалай күн көруіміз керек? – деді наразы аналардың бірі Альбина Әділова.

Оның сөзін жанындағылар да қостады. "Қара су мен қара нан жеп отырмыз" деді әйелдердің бірі. Кейбір әйелдердің жанында балалары да болды.

Наразы аналардың алдына қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов шықты. Ол "карантинге байланысты ішке кіруге болмайтынын" ескертіп, наразы аналарды басқа ғимаратқа баруға көндіруге тырысты. Сол мезетте әкімдік маңында микроавтобус та тұрды. Ал аналар әкімдік өкілдерінің ұсынысына келіспей, ішке енуге тырысты. Әкімдік қызметкерлері бөгет жасады. Бір сәт екі жақ тартысып та қалды. Ақыры әйелдер ішке кірді. Бірақ ол жаққа ақпарат құралдарын жібермеді.

Әйелдердің сөзіне қарағанда, олар екі апта бұрын да әкімдік өкілдерімен кездескен. Бірақ нәтиже шықпаған. Сол себепті қала әкімінің шығуын талап етіп тұр.

Бұған дейін ресми БАҚ Қазақстанда электр энергиясы мен жылу бағасының қымбаттайтынын хабарлаған. Осыған дейін бірқатар аймақтарда тұрғындар коммуналдық төлемнің қымбаттауына шағымданған.

Қазақстанда әлеуметтік көмекті арттыруды талап еткен әйелдер наразылығы жиі өтеді. Олар көбіне 21 мың теңгелік жәрдемақыны қайтаруды, баспана мәселесін шешіп беруді, мүгедектігі бар балаларға жеңілдіктерді қайтаруды талап етеді.

2019 жылғы наразылықтардан кейін мемлекет әр балаға 21 мың теңгеден төлей бастаған. Бірақ көп ұзамай жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек төлеу шарты өзгерген. Қазір мемлекет төрт балаға - 42 496 теңге, бес балаға - 53127 теңге, алты балаға - 63 757 теңге, жеті және одан көп балаға 74 388 теңге жәрдем береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: