Іле, Балқаш және Қапшағайда балық аулауға тыйым салынды
Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының 2021 жылғы 17 наурыздағы бұйрығына сәйкес, Балқаш-Алакөл бассейнінің балық шаруашылығы қоймаларында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, балық аулауға мына жерлерде тыйым салынады:
Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендер мен суларда: 5 сәуірден 20 мамырға дейін.
Іле өзенінде - Қапшағай су электр станциясының бөгетінен бастап 6-шы балық аулау станциясына (Арал-Төбе ауылы) дейін: 5 сәуірден 5 маусымға дейін.
Іле өзенінің бүкіл атырабында: 15 сәуір мен 1 маусым аралығында.
Іле өзенінде - Шарын өзенінің сағасынан ҚХР-мен шектесетін мемлекеттік шекараға дейін: 25 наурыз бен 5 шілде аралығында.
Балқаш көлінде - 15 сәуір мен 1 маусым аралығында.
Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде, олардың сағалары, арналарында және олардың Балқаш көліне құятын тұсында және өзеннің жоғарыға қарай ағатын бүкіл ұзындығы бойында, сондай-ақ Балқаш көлінің екі жағалауында да, яғни көл сағасынан 5 шақырым радиуста: 15 сәуірден 1 маусымға дейін.
Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөлде және Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жеңескесу, Шынжылы өзендерінде: 10 сәуір мен 1 маусым аралығында.