Жаңалықтар тізбегі
0

Мен Мамайды сотқа берем – Бауыржан Байбек

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2021 18:12 Сурет: zakon.kz
Қазақстанда кландар жоқ.

Оппозиционер деген аты бар Жанболат Мамай жемқорлық қылмыстарға қатысы бар деп, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы видео жариялаған болатын. Ал аузынан Елбасы түспейтін Бауыржан Байбек те қарап отырмай, өзіне жақын Тәңірберген деген орыстілді блогермен келісіп, соған берген сұхбатында ақталуға тырысыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

Байбек өзі туралы әңгіменің бәрін өтірік деп, Мамайдың бұл тірлігі журналистік зерттеуге жатпайды дейді.

– Жанболат Мамай Uzun Qulaq деген фейк телеграм-каналдың деректеріне сүйеніпті. Ол каналдың жазғандарын сараласақ, олар Конституцияға қарсы жұмыс істеп, әлеуметтік араздық тудырумен айналысады. "Новый южандар" мен "старый южандар", "карагандински клан" дейді. Бірақ шындығында Қазақстанда ондай кландар жоқ, – деді Байбек.

Мамайды сотқа беремін!

– Елбасы үнемі айтатын былай деп: егер сенің арың таза болса, жала жапқыштарды сотқа бер деп. Біз демократиялық мемлекет құрып келеміз. Әрбір адам өз құқығы, абыройы үшін күресуі тиіс. Мен де осы елдің азаматымын, Бауыржан Байбек деген есімімнің былғанғаны маған ұнамайды. Әлгі видеоны менің анам да көреді, мысалы. Мамай сияқты басқа да өтірікшілер мен жала жапқыштарға сабақ болсын – мен Мамайды сотқа беремін! Менің жасыратын түгім жоқ, адал, таза адаммын, дегендей әңгіме соғып тастады Байбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: