Жаңалықтар тізбегі
0

Мораторийді 5 жылға ұзартқаннан бірдеңе шешіле ме?

Kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 22:09 Kapital.kz
Мемлекеттік мүдде емес, тек жеке бастың қамы ғана.

ҚазССР-і болып тұрған кезде жерге меншік деген түсінік болған жоқ, барлық жер мемлекеттікі болып есептелді. Екіншіден, алғаш рет жерге жекеменшік деген түсінік Назарбаевтың Жарлығы кезінде пайда болды, дейді сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Енді өз ойым - оның Парламентте заң түрінде жүзеге асуы Тасмағамбетовтың премьерлігі кезінде, яғни 2002-2003 жылдары жүзеге асты. Оның тіпті егер осы заң қабылданбаса доғарысқа кетемін деп қорқытқаны да есте қалыпты. Бұдан шығатын қорытынды - жерді сату деген түсінікті орнықтырып, оны іске асыру НӘН-нің идеясы болуы керек деп ойлаймын, Тасмағамбетов сияқтылар желдің қай жақтан соғып тұрғанын дәл байқаған, сөйтіп шефке жағымпазданудың осындай формасын іске асырған. Әрине ол жалғыз емес, оның депутаттар арасында бірнеше жақтастары болды (сатылсын деп дауыс бергендер тізімі интернетте бар, бірнеше рет жарияланған). Әйтпесе география мұғалімі, жерде бір күн де жұмыс жасап көрмеген, өмір бойы мем. қызметші, ең болмағанда экономист те емес Тасмағамбетов жер жекеменшікке өтсе экономикамыз гүлдеп кетеді дегенді қайдан шығарған?

Жер лоббиі депутаттар, меніңше бұрынғы кеңшар директорлары болуы мүмкін. Себебі олар ортақ меншіктен 10% үлес алды, ол дегеніңіз қырғын мал, немесе ауыл шаруашылығы техникасы. Енді сол малды жаятын немесе егін салатын жер керек қой?

Әлемдік тәжірибеде өзім біршама таныс Украинада жерді жеке меншікке беру жөнінде қатты пікірталас болды. Меніңше сол заң әлі қабылданған жоқ. Инвесторларды келтіру үшін жерді жекеге беруді жақтаушылар көп. Бірақ Украина қайда, біз қайда? Оның көршілері Еуропаның дамыған мемлекеттері, заңды құрметтейтіндер. Ал бізде ше? Жерді бүкіл халық болып үстінен басып жатқанымыздың өзінде көршілеріміз арс-арс етіп, біресе ана жерін, біресе мына жерін жұлмалап тартып қалып, Бальзактың шагрен терісі сияқты құртып бара жатыр. Егер жекеге өтсе, ол шекара маңы болса, қызықтың көкесі сонда болатын сияқты - кімнің қайда, кімге не сатып жатқанын бақылаудан шығарып алатынымыз анық.

Көршілерінің жағдайы осындай екенін біле-тұра билікті осындай соншалықты қауіпті қадамға баруға итермелейтін қандай күш? Меніңше ол мемлекеттік мүдде емес, тек жеке бастың қамы ғана. Әйтпесе елдің алдына шығып осылай да осылай, дұрысы мынау, оның мемлекетімізге мынадай пайдасы бар деп неге айтпайды? Айта алмаса әркім өз версиясын ұсынады-дағы. Оның да түр-түрін естіп жатырмыз. Мораторийді 5 жылға ұзартқаннан бірдеңе шешіле ме? Амандық болса 5 жыл да өтер, сосын не болады? Асылы көп басты қатырмай алғашқы шыққан нүктемізге қайтып келу керек қой, яғни Қазақ ССР-і кезіндегідей жер мемлекеттің, яғни халықтың меншігі, бітті! Нүкте! - делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: