Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 5 және 6 қыркүйекте карантиндік шаралар күшейтіледі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 20:52 zakon.kz
Тек екі күнде ғана.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің No59 жарлығына сәйкес, алдағы демалыс күндері Алматыда қайтадан қосымша карантиндік шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатта Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндері Алматыда келесі шектеу шараларын енгізу көзделген:

- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлікке жатпайтын және азық-түлікке жататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

- сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, курорттық орталықтардың, косметикалық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын тоқтата тұру;

- фитнес орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, спорт залдарының, спорт кешендерінің жұмысын тоқтата тұру;

- сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

- ашық аттракциондарды тоқтата тұру.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік пен метроның жұмысы тоқтатылады.

Бір күн бұрын Бекшин Алматыдағы карантиндік шаралардың жұмсартылатынын мәлімдеген, сонымен қатар Алматыда кинотеатрлардың ашылуы үшін қойылатын бірқатар талаптарды жариялады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: