Жаңалықтар тізбегі
0

Меніңше, Алматы локдаун жариялайтындай күйге түспейді - Бекшин

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2021 22:47 Алматы әкімдігі
Оның айтуынша, қазір жағдай пессимистік болжамға сәйкес дамып келеді.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирусқа шалдығушылардың күрт өсімі байқалатынын айтты. Бірақ Алматыда локдаун жарияланбайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз мәслихаты барысында Бекшин соңғы тәулікте Алматыда инфекцияның 689 жағдайы тіркелгенін айтты. Оның айтуынша, жағдай пессимистік болжамға сәйкес дамып келеді.

14,5 мың жағдай тіркеледі деп болжаған едік. Іс жүзінде сәуірдің үш аптасында 13 697 жағдай тіркелді. Яғни, біз жасаған болжамға сай, - деді Жандарбек Бекшин.

Ол аурудың көбеюі коронавирустың жаңа штамдарының таралуымен және иммунитеттің төмендеуімен байланысты екенін атап өтті.

Бекшиннің айтуынша, мамыр айында демалыс күндерге байланысты ауру жұқтырушы адамдар саны артуы мүмкін, ал мамырдың ортасынан бастап қана ауру көрсеткішінің төмендеуі ықтимал.

Менің ойымша, Алматы локдаун жариялайтындай күйге түспейді, - деді Жандарбек Бекшин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: