Жаңалықтар тізбегі
0

Ардагерлерді ұлықтаймын деп ұятқа қалдырғандар кімдер?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 17:05 видеодан кадр
Артық қыламын деп тыртық қылғандар табылды.

Биыл 9 мамыр республикалық масштабта тойланбады. Пандемия деп әскери парадтар да болмады. Дегенмен ұлы жеңісті ұлықтап, батырларды жеке барып құттықтағандар көп болды. Ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсету міндет қой, әрине. Тек сол мерекелік құттықтауды мазаққа айналдырған ағайын да табылды, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Карантин деп концерт, пандемия деп парад жоқ. Міне, қатарынан екінші жыл елде жеңіс күнін жұрт болып тойлатуға рұқсат жоқ. Өйткені індет. Бірақ ұлы жеңісті қалай да ұлықтау міндет. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін батырлардың үйлеріне барып концерт қойылды.

Алайда, ардагерлердің арасында ауырып, ауханаға жатып қалғандар да болды. Дегенмен концерт қоюшылар енді қайттік демеді, жансақтау бөліміне де барып, номерлерін қойып келді.

Ардагерлерді ардақтаған дұрыс қой әрине. Тек, ақ халаттылардың бұл әрекетін құптағандардан гөрі, даттағандар көп болды. Не күлерін, не жыларын білмей қалды жұрт.

Ал бұл баннердің қай қалада ілінгенін қайдам. Бірақ желідегі жұрттың сынына әбден ілінген тәрізді.

Бас қала әкімдігі ұйымдастырған концертіті көрдік. Өзге емес, өздері мәз әйтеуір.

Дегенмен, көптің ашуына тиген бұл емес. Отан соғысы батырларының суреттерін тірілтіп, артық қыламын деп тыртық қылғандар да табылды. Арасында Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигельдиновтар да бар. Желі қолданушылары бұны аруақтарды мазаққа айналдырумен тең деп бағалап отыр.

Алайда, бәрінен ұлы жеңісті ұлықтаймыз деп қырғыз ағайын ұятқа қалды. "Ерлікті ұмытпаймыз" деген баннерге неміс солдатының суретін қойып, ел-жұрттың қытығына, қала берді намысына тиген. Қоғамда резонанс тудырған баннер кейін бір сағатта алынып тасталған.

Ал көрші өзбек елінде болған бұл оқиға желіде әлі күнге дейін талқыланып жатыр. Пікірлер әрқилы болғанымен, көбі бұл сәтті күлкіге айналдырып әлек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: