Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Элиан Тильёмен онлайн кездесті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:55 Ж.Құспанов
Ол кісі – Бельгия Парламентінің Спикері еді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Элиан Тильёмен бейнеконференция форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру жайында пікір алмасты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:55

Нұрлан Нығматулин Бельгия Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екеніне назар аудара отырып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіне жетудегі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесудегі негізгі тақырыптардың бірі – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселелері туралы болды.

Нұрлан Нығматулин мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты кеңейту, сондай-ақ осы бағыттағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру туралы айтты.

Тараптар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланысты жандандыруды қолдады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:55

Өз кезегінде Элиан Тильё Қазақстанды өзінің даму жолын ұсынған мемлекет екенін, бүгінгі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, қалыптасқан саяси-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Отырыс барысында Нұрлан Нығматулин мен Элиан Тильё заңнамалық тәжірибе алмасу, ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтар мен комитеттердің өзара іс-қимылы екі елдің жан-жақты әріптестігін ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:55

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: