Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ электросамокат қозғалысына шектеу енгізеді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 21:13 pixabay.com
Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі.

Ішкі істер министрлігі электросамокаттардың еркін қозғалысына шектеу салмақ, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев электросамокаттардың жол қозғалысының қатысушысы емес екенін атап өтті, өйткені заңда мұндай көлік құралы жоқ. Біріншіден, бұл техникалық құрылғы үшін сертификация жоқ. Екіншіден, олар көлік құралына қойылатын талаптарға сай келмейді.

Қазіргі күні электросамокаттардың автомобиль жолдары мен трассалармен жүруіне қатаң тыйым салынады, өйткені олар жол қозғалысының қатысушысы саналмайды. Веложолақтар мен тротуарлар бойынша да мәселе қарастырылуда, өйткені кей самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады, деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, Еуропаның кейбір елдерінде самокат жылдамдығына байланысты шектеулер енгізілген. Мысалы, жылдамдығы 20-дан асса – велосипед жолдарымен жүре алады, ал 12-ден аспаса, онда жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүруге рұқсат.

Қазір барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен бірге жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының шешімімен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі деп ойлаймын, деп қосты ІІМ басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: