Жаңалықтар тізбегі
0

Жұртшылық Мамайдың кім екенін білді – Ташенова

Dental Tribune, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 04:06 Dental Tribune
Осы процесстің арқасында жұртшылық Мамай мен Иманбаеваның шын мәнінде кім екенін айқын көре алды.

Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау бойынша мүддесін қорғаушы заңгер Айжан Ташенова бүгін соттағы жарыссөздің барысы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы процесстің арқасында жұртшылық Мамай мен Иманбаеваның шын мәнінде кім екенін айқын көре алды. Олардың іс-әрекеттері тек жеке мүдде мен пайдаға ғана негізделген! Тек қана жеке мүдделер. Енді оның айнласындағылар да, қоғам да бұлардың бойында ешқандай адамгершілік құндылықтар да, моральдық принциптер де жоқ екенін нақты білетін болады. Олардың бүкіл айыптауларының өзегінде паталогиялық өтірік жатыр - деп мәлімдеді Ташенова.

Ол бұл процесстің мәні зор екендігін атап өтті.

Біз заңды басшылыққа ала отырып, Мамай мен Иманбаеваның шынайы бет-бейнесін ашып тастадық. Стратегиялық тұрғыдан алғанда, бұл прецедент жаңа құқықтық мәдениеттің сұлбасын белгілейді, оның негізінде тұлғаның құқығын мойындау және оған кепілдік беру, сондай-ақ істеген ісіңе жауапкершілік жатыр. Мамай үнемі тілге тиек етіп жүрген демократия дегеніміз шектен шығушылық емес, құқықтық аяда өзара қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету мәдениеті. Енді жауапкерлер осы кезге дейін көпе-көрнеу жала жапқан адамдардың көпшілігі Бауыржан Байбектің үлгісімен өз ар-намыстары мен қадір-қасиеттерін қорғап сотқа беретініне сенімдімін, - деді заңгер.

Оның айтуынша, Бауыржан Байбекті қаралауға тырыса отырып, жауапкерлер оған қандай-да бір байланысы бар дүниенің барлығына талдап талғамай жабысуға дайын екендігі секілді әсер туады.

Олар бірді айтып, бірге кетіп, бәрін де қотыстырып жіберді: қоршаулар, билбордтар, трамвай, депо, жер телімі, сондай-ақ "жылқылар", "адамдар" т.б. деп кете береді. Мұндағы мақсаты біреу ғана – жоқ және болмаған нәрсені дәлелдеуге тырысу: жемқорлық схема да, миллиард доллар да, бизнес-империя да болған жоқ, тиісінше ешқандай мафиялық-жемқорлық құрылым да жоқ! Өздеріңіз зерделеп көріңіздерші, жауапкерлер пікірінде миллиард доллар туралы тіпті ауызға да алмаған. Неге? Өйткені бұл барып тұрған ақылға сыймайтын өтірік, бұған олар тіпті өздерін де сендіре алмайды! – деп қорытты ол.

Еске сала кетейік, Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева YouTube пен әлеуметтік желілерде жариялаған өздерінің "журналистік зерттеу" деп аталатын жарияланымында Бауыржан Байбекті сыбайлас жемқорлықпен және лауазымын асыра пайдаланды деп айыптаған еді.

Бұдан кейін Бауыржан Байбек блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа берген сұхбатында тағылған айыптаулардың мүлдем негізсіз екендігін көрсете отырып, видеороликтер авторларын сотқа беруге ниетті екендігін мәлімдеген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: